Екібастұз өңірінде орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Көкеніс алқаптары өнімді болатыны байқалады. Әсіресе картоптың мол болатындығына үміт басым.
Суармалы егіншілікпен айналысатын ірі шаруашылықтардың бірі — «Корн Агро» ЖШС жыл сайын жұмыс ауқымын кеңейтіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Кәсіпорын Сәтбаев каналының маңындағы Теміржол ауылдық округінде орналасқан. Мұнда суармалы жерлерде картоп пен сәбіз өсіріледі. Биыл картоп алқабы 1050 гектарға, ал сәбіз алқабы 200 гектарға дейін ұлғайтылған.
Арман Қайсағалиев, «корн агро» ЖШС директоры
Қазіргі уақытта өнімнің 40 пайызын жинап алдық. Тәулік бойы жұмыс істейміз. Осындай қауырт науқан кезінде түнде 250, күндіз 250 адам жұмыс істейді. Техникаларымыз жеткілікті. Барлығы Еуропа елдерінен Бельгиядан, Германиядан жеткізілген...немецкий.
Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен инвестициялардың арқасында суармалы егіншілікке 12 млрд теңгеден астам қаржы құйылған. Бұл қаржыға су тарту нысандары, суару жүйелері жөнделіп, 22 мың тоннадан астам көкөніс сақтайтын қоймалар салыныпты. Ауыл тұрғындары үшін жүздеген жұмыс орны ашылды.
Қыркүйек айындағы жауын-шашынға қарамастан, «Гала» сортының картобының сапасы мен өнімділігі байқалды. Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша, көкеністерді өңірдегі сауда орындарына жеткізу бұрынғы жылдардағыдай ұйымдастырылады.
Жанасыл Серікбол