Павлодарлық ауыл шаруашылығы өнімдері Астаналықтарға ұсынылады. Жәрмеңке қазан айының 18-19 ы күндері ұйымдастырылады. Өтетін орны «Қазанат» ипподромы.

Жәрмеңкеге облыстың он аудан мен үш қаладан өнімдер жеткізіледі. 80 - нен астам өндірушінің тауарлары ұсынылады. Оның ішінде еттің барлық түрі, сүт, ұн және шұжық өнімдері басқа да тауар түрлері бар.

Жәрмеңкеде тауарлар Астана бағасынан 10-15 пайыз төмен бағаға сатылады. Жалпы көлемі 550 тонна өнім жеткізіледі деп жоспарлануда. Шараға қайта өңдеу кәсіпорындары да қатысады.

Павлодарлық шаруалар барша Астана тұрғындарын жәрмеңкеде күтеді. Сондай-ақ, Павлодар жұртшылығы үшін де әр апта сайын ауыл шаруашығы жәрмеңкесі «Жайлау» фермерлік базарында ұйымдастырылуда. 4-қазан күні Ақтоғай, Шарбақты, Павлодар, Тереңкөл аудандарында өсірілген көкеністер мен ет-сүт өнімдері сатылады.

Жанасыл Серікбол