Отбасылық даулар, азаматтық тұрмыстық мәселелер, алиментті, алаяқтық. Билер кеңесінің жиі қарайтын істері. Жалпы жыл басынан кеңесте 1000-нан астам іс қаралыпты. Оның біразы медиативті түрде аяқталды.
Қазақта жер дауы мен жесір дауы ешқашан бітпеген. Бұлардың қатары жыл сайын қоғамның, адамның өзгеруіне байланысты толығып отырды. Қазір интернет алаяқтық, жалпы алаяқтық дертке айналып кетті. Қалалық сотта билер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл жолы алаяқтарға алданып, 14 млн теңге қарызға кіріп кеткен азаматтың ісі қаралды. Арбауға түсіп қалғанын мойындап, кешірім сұрады. Отырысқа Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы, депутаттар, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы қатысты.
Амангелді Қамзин, Павлодар облыстық билер кеңесінің төрағасы
Бүгін микронесиелік ұйымға алданып қалған бір азаматтың ісін қарадық. Яғни азаматша микрокредиттік ұйым ашыпты, туыстарын, таныстары арқылы несие алыпты. Бүгінгі жәбірленуші атынан 14 млн теңге алыпты. Өзі Ресейге қашып кетіпті. Енді мына азаматқа талап арыз қойды. Қашып кеткен келіншек өзі жарты қарызды төлепті. Ал, 9 млн теңге жауап берушінің мойнында тұрды. Ол әйел сотталды, қарыз толығымен өтелді. Сондықтан мына жауап беруші қарызы болмағандықтан, біз оны босаттық.
Сонымен, Павлодар облыстық билер кеңесімен жыл басынан 1300-ге жуық іс қаралған. Олардың басым бөлігі отбасылық жанжалдар, алименттер бойынша.
Самал Қалиқызы