Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның №6505 әскери бөлімі Павлодардан барған жас сарбаздармен толықты. 30 мамыр күні оларды ата аналар, достары, туыстары шығарып салды.

Отан алдындағы борышын өтеуге бара жатқан сарбаздардың қатарында екібастұздық Тілеген Төлебек бар. Өз жүрек қалауымен әскерге барғысы келген баласын анасы мен бауырлары қолдап, шығарып салды.

Балжан Қалимарданқызы, ата-ана

Осы Павлодар облысы Екібастұз қаласында тұрамыз. Балам Төлебек Тілеген әскерге кетіп бара жатыр. Өз қалауымен. Әскери борышын өтеп келемін деп болмаған соң өзіміз жібердік. Әр ер баланың арманы деп ойлаймын. Аман есен келсін деп тілеймін болды.

Қарағандыға жол жүрер алдында болашақ сарбаздарға алдыңғы буын ағалары, әскери салаға өмірін арнаған азаматтар кеңес беріп, ақ жол тіледі.

Жан Қаратаев, облыстық қарулы күштер ардагерлерінің төрағасы

Біздің балаларымыз әскерге дайындалып, өзінің отан алдындағы парызын орындауға дайын. Қазір жас жігіттер әскерге барғысы келеді. Мерзімі бір жыл. бір жылдан кейін ата аналарының арманын орындап қайтып келеді. бәріміз аман болайық. Отанымыз аман болсын. Аспанымыз ашық болсын. Бейбітшілік болсын.

Еркебұлан Жүнісбаев, 5512 әскери бөлімнің штаб бастығының көмекшісі

Сіздер қазір Ұлттық ұлан қатарына қосылып жатырсыздар. Қарағанды қаласындағы 6505 әскери бөлімінде әскери борыштарыңызды өтейсіздер. Жарты жылдан кейін кімнің білімі бар, 3 жылға келісімшартқа отыруға болады. Одан павлодарға қайта келуге болады. Павлодардағы 6679/ 5512 әскери бөлімдеріне келуге болады.

Сонымен, Павлодар қаласынан Қарағандыдағы 6505 әскери бөліміне 15 сарбаз аттанды.

Самал Қалиқызы