Аптап ыстық салдарынан Павлодар-Астана бағытындағы күре жолдың бетон жабындысы көтеріле бастады. Мамандар жағдайды дереу реттеуге күш салды.

Дәл осындай жағдай автобанның екі учаскесінде болған. Алғашқысын “ҚазАвтоЖол” дер кезінде байқап қалып, дереу жөндеп қойды. Ал, келесі учаскеде бірнеше көлікке зақым келген. Куәгерлердің мәліметіне қарағанда бетон құймалары жалғанған жер жігінен ажырап кеткен. Іле жолға жауапты мекемелер жедел жөндеу бригадаларын жасақтап, қауіпті деген учаскелерде тексеру жүргізіп жатыр. Болжамға қарағанда алдағы күндері Павлодар өңірінде күн ыстық болады. Кеше сынап бағанасы 37 градусқа дейін көтерілді. Қазір Павлодар мен Астана бағытындағы жолда еш көлік іркілісі жоқ.

 Сержан Қызылбаев - жөндеу бригадасының инженері

-“Павлодар-Астана” тас жолының 1355 шақырымында ау температурасы күрт көтерілуіне байланысты бетон жабындысы көтерілді. Қазіргі таңда бетон жабындысы қалпына келтірілді. Көліктердің жүруіне кедергі жоқ.