Павлодарда Экология департаментінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Тазалық шарасы Усолка көпірі маңында ұйымдастырылып, оған департамент қызметкерлері, мемлекеттік мекеме өкілдері мен белсенді жастар қатысты.

Экологиялық шара 5 маусым – Экологтар күніне орай өткізілді. Аталмыш сенбілікке 300-ге жуық адам қатысты. Олар жағалау аумағы мен көпір маңын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Қоршаған ортаны қорғау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан мұндай акциялар арқылы тұрғындар табиғатты аялауға және туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Сабина Мұхаметқалым, Павлодар облысы экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы

Сенбілік – қоршаған ортаны сақтауға нақты үлес қосудың бір жолы. Бүгінгі акцияға қатысып, табиғаттың тазалығы үшін еңбек еткен барлық азаматтарға алғысымды білдіремін.

 «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Басты мақсат – өңірдегі тазалықты қамтамасыз етіп, экологиялық ахуалды жақсартуға қоғамның назарын аудару.

Дильназ Қуанышбекқызы