Павлодар облысында 110 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылады. Өңірде 11 лагерь биыл жұмыс істейді. Олардың біразы қала сыртында орналасқан. 1 маусымнан бастап лагерьлер жұмысын бастады.

Самал Қалиқызы, тілші

Сонымен оқу жылы аяқталды. Балалар ресми түрде жазғы демалысқа шықты. Павлодар қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Жалпы балаларға қандай тосынсый әзірленіп отыр. Қанша ауысым болады. Тамақтану жағы қалай болады. Бізбен бірге болыңыздар.

Жалпы Павлодар облысында 11 лагерь бар. Олардың 9-ы мемлекеттік. Солардың бірі осы Балдәурен лагері, нақтылап айтсақ оқу-сауықтыру орталығы. Жыл бойы 5-9 сынып оқушыларын қабылдайды.

Лаура Темірғалиева, «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының директоры

Біз енді жазда 6 сезон балаларды қабылдаймыз. Жалпы 10 күн. Олар қалалық мектептерден келіп тұрады.Медициналық тексерістен өтеді, корпустарға апарып, сонда жатады балалар. Диеталық тамақ береміз, ойын сауықтыру шараларды өткіземіз.

Қуантатыны аумақта ұялы байланыс ұстамайды. Яғни балалар таңнан кешке дейін телефонға телміріп отырмай, спорттық, мәдени сауықтыру шараларға қатысып, белсенді болады. Лагерьде балам не жейді десеңіз, біз асханаға кіріп шықтық.

Татьяна Гуськова, аспаз

Бізде қазір төртте балаларға алма таратылады. Кешке асқа орамжапырақпен орама беріледі. Таңертең түрлі жармалардың ботқасы, жұмыртқа беріледі. Одан кейін, 11-де айран, жеміс жидектер беріледі. Түскі асқа салаттар, сұйық тамақ, қою тамақ, компот, ана жейді балалар. Кешкі асқа тауық пен картоп, түрлі ботқалар беріледі.

Бұдан бөлек, лагерьде қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Ғимараттардың ішінде, сыртында 100-ден астам бейнекамера қойылған. Аумақ толық бақылауда деді, орталық басшысы. 1 маусымда лагерь жазғы 14 ауысымын ашты. Бір ауысымда жалпы 150 бала келеді.

Маргарита Деркульская, №42 ЖОББ мектептің оқушысы

Маған мында өте қатты ұнайды. Тәрбиешілер өте жақсы. Өте керемет уақыт өткізіп жатырмыз. Асханасы да өте жақсы. Ең маңыздысы телефон ұстамамаймыз, кейде ата аналама хабарласуға да ұмытып кетемін. Маған бәрі ұнап жатыр.

Жалпы Павлодар облысында биыл 110 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылады. Жолдамаларды мектептерден алуға болады. Айта кетейік, «Балдәуренге» 10 күнге келу үшін ата аналар тамақтану үшін ғана төлейді, бұл биыл 36 мың теңгені құрайды.

Самал Қалиқызы