Павлодар облысында мемлекеттік органдардың ғимараттары мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімсіз болып шықты. Бұл бір пандусты орнатумен шектелетін жұмыс емес. Сондықтан жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер нәтижесінде біраз бұзушылықтар анықталды.
Павлодар облысында 31 мың мүгедек адам бар, 8 мыңнан астамы ауылдық жерде тұрады. Осы азаматтарды жан жақты қорғау және оларға қолайлы, қолжетімді орта қалыптастыру маңызды.
2026 жылы әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі 90 пайызға дейін жетті. Жыл соңына дейін тағы 372 нысанда аталмыш жұмыстар жасалуы керек. Соған қарамастан мәселелі тұстар бары анықталды.
Бір қарағанда өңірде бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатыр, бірақ Павлодар облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментімен тексерістер жүргізіліп, нәтижесі көңіл көншітпеді.
Мемлекеттік органдардың ғимараты мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімді болуы үшін жағдай жасалмаған көрінеді. Оған қаражат та бөлінбейді екен. Әсіресе елдімекендерде пандустардың болмауы, болса талапқа сай болмауы, тактильді аумақтардың қарастырылмауы - жиі кездесетін сұрақ.
Осылайша облыс әкімі бұл сұраққа қайтып келмеу үшін, бірден шешуді ұсынды.
Самал Қалиқызы