Халықаралық балалар күні Ақсу қаласында да кең көлемде аталып өтті. Қала орталығында ұйымдастырылған мерекелік шараға жүздеген бала мен ата-ана қатысты. Бүлдіршіндер үшін ойын-сауық бағдарламалары, шығармашылық алаңдар мен қызықты байқаулар әзірленді. Мереке барысында балалар көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі белсенділіктерге қатысып, тәтті сыйлықтарға ие болды.

Мерекелік бағдарлама аясында балаларға арналған 12 арнайы алаң жұмыс істеді. Мұнда жас қатысушылар сурет салып, қолөнер бұйымдарын жасап, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды. Әр алаң баланың қызығушылығына қарай ұйымдастырылып, олардың қиялы мен өнерін дамытуға бағытталды. Балалардың қолынан шыққан үздік жұмыстар кейін арнайы көрмеге қойылады.

Жанна Жолдасова, Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйінің педагог-ұйымдастырушысы

Бүгін балаларға шеберхана ұйымдастырдық. Балалар қағаздан әдемі бас киім жасады. Барлық балаларды бүгінгі мереке күнімен құттықтап, оларға денсаулық, ашық аспан мен бақыт тілеймін.

Арайлым Жұматова, Ақсу қаласының тұрғыны

Бүгінгі балалар күні құтты болсын. Балалардың болашағы жарқын болсын. Бүгінгі балалар күні өзіміздің Ы.Алтынсарин мектебінің атындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінен балаларды алып келдік. Мұнда мереке өте көңілді әрі қызықты өтіп жатыр. балалардың естерінде қаладаы деп ойлаймын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекедегі басты мақсат – балалардың шығармашылығын қолдап, олардың бос уақытын мазмұнды өткізуге жағдай жасау. Сондай-ақ, қаладағы мектеп жанындағы лагерьлер өз жұмысын бастап, оқушылар үшін түрлі сауықтыру және танымдық бағдарламалар қолға алынды.

Ризагүл Негманова, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары

Бүгінгі күні біздің мектептерде жазғы лагерь басталды. 9500 баланы жазғы демалыспен қамтамасыз етеміз. Оның ішінде 200 бала жазғы демалыс лагерге барады ел бойнша. Соның ішінде аз қамтылған отбасылардың балалары міндетті түрде және ата-ананаың қамқорлығынсыз қалған балалар.

Барлық қатысушы балаларға тәтті сыйлықтар таратылды. Ән мен биге толы мерекелік бағдарлама бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйлады. Алаңды шат күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй кернеп, балалар өз өнерлерін сахнада еркін көрсетті.

Сабина Жолдаспаева