Павлодарда жасөспірімдер арасында еркін күрестен ауқымды турнир өтті. Спорттық дода «Жаңа Роса» компаниясының 150 жылдық мерейтойы мен Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Жарысқа компания демеушілік көрсетсе, іс-шараны Павлодар қаласы әкімдігінің «Жас палуан» дене шынықтыру және спорт клубы өткізді. Толығырақ келесі сюжетте.

Турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, болашағынан үміт күттіретін спортшыларды анықтау және балалар мен қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жаңа Роса» – павлодарлықтарға етене таныс бренд. Сондықтан компания мерейлі 150 жылдығын тұрғындарға жақын форматта, яғни спорт мерекесі арқылы атап өтуді жөн көрген.

Тұрсынғали Болатов, «Жана роса» компаниясының сату бөлімі бастығы

Біздің зауытымыздың 150 жылдық мерейтойына орай. Осындай шара ұйымдастырып отырмыз. Басшылық шешім қабылдап. Біздің болашаққа көңіл аударып осындай шараға инвестиция жасап отырмыз болашаққа

Жарысқа 2010–2015 жылдары туған жас балуандар қатысты. Турнирге өңірдің түрлі аймақтарынан келген 11 команда мен 200-ден астам спортшы жиналып, өзара мықтыны анықтады. Жасөспірімдер бірнеше салмақ дәрежесі бойынша белдесіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Ержан Боранбаев, бас төреші

Еркін күрес ол нағыз базалық күрес қой. Еркін күрестен шыққан барлық спорт. Былай айтқанда ең ауыр күрес түрі.

Нұрғиса Ниязов, қатысушы

Еркін күреспен үш жыл, самбомен үш жыл айналысамын. Айырмашылығы бар иә. Самбода күресу жеңіл, еркін күресте мықтырақ болу керек.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды. Олардың қатарында музыкалық колонкалар, құлаққаптар және пауэрбанктер бар. Сонымен қатар қатысушылар компания өнімдерімен қамтамасыз етілді.

Байтұрсын Жұмабай