Шаһарда «Ecofest» экологиялық фестивалі өтті. Қалалық саябақта табиғатты қорғау мәселелері қозғалып, жәрмеңке, шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Толығырақ тілшіміз жалғастырады.
Шарада облыс әкімдігі мен Экология департаментінің өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік емес ұйымдар мен түрлі мекеме экологтары қатысты. Сонымен қатар аймақтың экологиялық мәселелеріне бейжай қарамайтын белсенді жастар, волонтерлар және барша жанашыр азамат қалалық саябаққа жиналды.
Асылбек Туғанбай, «Amanat» партиясы ПОФ төрағасы
«Экологияны қоғамнан бөлек қарау мүмкін емес. «Аманат» партиясы да осы экология мәселесіне әр уақытта жіті көңіл аударады. «Таза Қазақстан» бүкілреспубликалық акциясы аясында әр сенбі сайын сенбіліктер ұйымдастырылады. Одан басқа партияның жол картасында экологияға аса қатты көңіл аударылған. Бұл – ағаш отырғызу, өңірді абаттандыру, қоқыс шығаратын контейнерлерді орналастыру – осы мәселелердің барлығы – «Аманат» партиясының басты назарында. Бүгінгі фестивальде өңіріміздің экологиясын әрі қарай жақсарту, волонтерлердің жұмысын бағалап, оларды марапаттау және одан басқа да экологияға байланысты ауқымды мәселелер көтеріліп, талқыланады деген ойдамыз.» КТМ. 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Сонымен қатар, бұл атаулы күн елімізде экологтардың кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтеді. Осы айтулы датаға орай өңірде табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған экологиялық шаралар өткізу жоспарда бар.
Сағын Төлеутаев, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы
«Осы жұма төңірегінде «Мөлдір бұлақ» акцясы, қалалық, аудандық саяжайлар, саябақтарды тазартылатын болады, одан кейін эколог сағаты өткізілетін болады, яғни экология саласындағы көптеген танымды ақпараттар берілетін болады. Сонымен қатар, осы өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын өндірістерге бару жоспарланып отыр. Жалпы бұл өткізіліп жатқан шаралардың ең басты мақсаты – өсіп келе жатқан жас буын өкілдеріне қоршаған ортаға деген санасын, тәрбиесін арттыру.» Экологиялық акция аясында тұрғындар үшін бірнеше танымдық әрі пайдалы шара ұйымдастырылды: жәрмеңке өтіп, балаларға арналған сурет салу және алғашқы медициналық көмек көрсету сияқты шеберлік сағаттары өткізілді.
Гүлнәр Исаканова, облыстық қызыл ай қоғамының директоры
«Бүгін қызыл ай қоғамының еріктілері үлкен маңызды шараға қатысып жатыр. Біздің еріктілер алғашқы алғашқы көмек туарлы шеберлік сағатты өткізеді. Әр адам – кішкентай баладан бастап, үлкен ересек адамға дейін алғашқы көмек көрсетуді білуі керек.» «Жаз болсын, қыс болсын, жедел жәрдем келгенше, осындай алғашқы көмек көрсетуді білуі керек әр адам.»
Шара соңында кәсіби мерекеге орай экология саласында еңбек етіп, аймақтың эко-мәдениетін дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарға түрлі марапат табыс етілді.
Жұлдыз Қабылденова