Бұдан кейін өңірімізге іс-сапарымен келген Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев құқық қорғау саласының өкілдерімен кездесті. Шара аясында заң мен тәртіпке негізделген мемлекеттің идеологиялық бағыт-бағдары жайлы әңгіме өрбіді.

Алдымен қоғамдағы заңдылықты сақтау жолында атқарылып жатқан іс-шаралар баяндалды. Тыныштық пен заңдылықты қадағау жолында құқық қорғау саласы әр түрлі шаралар атқаруда. Әсіресе отбасы, балалар мен жасөспірімдер мәселесі басты назарда.

Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Білім беру мекемелерімен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Инспекторлар мектептерге барып балалар мен жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөнінде кездесулер мен түсіндіру әңгімелерін өткізеді. Осының бәрі учаскелік полицияның қоғаммен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатуда, халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған нақты нәтижелер екенін көрсетеді

Полиция депаратменті «Заң мен тәртіп» қағидасының берік орнауы үшін 2024-2028 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын қабылдаған. Бағдарламада қоғамммен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге басымдық берілген.

Болат Нұрсейітов, Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары

Соның нәтижесінде жалпы қылмыс саны 1,4 процентке азайды. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс 49 пайызға төмендеді. Ұрлық пен тонау 27, бұзақылық 21 пайызға азайды

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев мемлекет басшысының соңғы жолдауындағы негізгі ойларға, жолдаудың идеологиялық тұрғыдағы маңыздылығына тоқталды. Әсіресе әділеттілік пен адалдықты, дамуды негіз еткен елдің болашағы қоғамның жоғары мәдениеті мен қоғам мүшелерінің саналы білімді болуына байланысты екендігін айтты.

Президент кеңесшісі қоғамдағы заң үстемдігін, жоғары мәдениетті қоғамды негіздеу үшін тарихқа да көз жүгіртіп, Алтын Орда, Қазақ хандығы тұсындағы заңдар мен қоғамдық ой-сананы зерттеу керектігіне де тоқталды. Терең тарихтан негіз тартқан заң ғана елдің Тәуелсіздігін қорғап, қоғамының қауіпсіздігін сақтайды деді.

Жанасыл Серікбол