Торайғыров университетінің студенттерінен құралған команда Мэта Ллама Акселератор Қазақстан атты беделді бағдарламаның жеңімпаздарының қатарынан көрінді.Толығырақ алдағы сюжетте.

КСМ: Павлодарлық жас таланттар екі жылдан бері бірге қанат қаққан команда. Олар хакатондарда сыналып, сан түрлі сайттар мен білім беру платформаларын жарыққа шығарды. Ал маусым айында қолға алған жаңа жобалары — қарапайым бір идеядан бастап, толығымен дайын сандық өнімге айналған жолдағы табандылықтың айқын куәсі.

Станислав Кириченко, жоба қатысушысы

«Бізде үш бағыт болды: Астана Инновейшн – онда қалаларға арналған ЖИ гидін жасау керек еді, ол қала бойынша қозғалысқа көмектеседі. Біз өз трегімізді таңдадық – ЖИ көмегімен жаңалықтар генерациялайтын жаңалықтар сайтын жасау. Үшінші бағытта да өз міндеттері болды. Біз командаластарымызбен жаңалықтар агенттігін жасауды таңдадық.»

Осылайша NeuroNews сайты пайда болды. Ол сенімді ақпараттарды жинап, талдап, әділ және түсінікті жаңалықтар жасайды.

Ислам Күленов, жоба қатысушысы

«Біздің міндетіміз жаңалықтарды автоматты түрде жасау арқылы журналистер мен редакторлардың жұмысын жеңілдету еді. Біз ақпаратты іздеуді, жаңаруды автоматтандырдық. Пайдаланушыларға бұл мәселе байқалады. бір тақырыпқа бірнеше жаңалық түседі, олар әртүрлі пікірлер болуы мүмкін. Бірақ жаңалықтар бейтарап, әділ болуы керек жағдайды баяндап, еш жақты қолдамауы тиіс. Міне, осы міндетті орындадық.»

Әзірлеушілер платформаны баршаға қолжетімді еткен. КөЗ жанары әлсіз көретіндерге арналған қарама-қарсы түсті дизайн мен дауыспен басқару функциясы бар. Кейін көзбен басқару қызметі де пайда болады..

Нұрдәулет Умурзақ, жоба қатысушысы

«Мақтанбаймын, өйткені мақтаншақтық – жаман қасиет, бірақ иә, жеңіске қуаныштымыз. Дегенмен жоба әлі аяқталған жоқ, әлі көп жұмыс істеу керек. Көзбен басқару функциясы толық жасалмаған, мен оны сайтқа енгізуге жауаптымын.»

КСМ:Бүгін NeuroNews жобасы жас дарындарға халықаралық сайыста жеңіс сыйлады, ал ертең олардың әзірлемесі журналистикада жаңа стандартқа айналуы мүмкін.

Дильназ Қуанышбекқызы