Павлодар қаласында церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға жаттығу құралдары сыйға тартылды. Ерекшелігі бұл құрылғыны жасаған кәсіпкер өзі мүгедек арбасына танылған азамат. Игі істі кім жасады? Толығырақ сюжеттен көріңіздер.

Павлодар қаласында «Болашақ» орталығында целебралды сал ауруына шалдыққан 100-ге жуық бала келіп, жан-жақты оңалтудан өтіп көмек алады. Бұл жердің ерекшелігі оны науқас балалардың аналары ұйымдастырып, жұмысын жүргізеді. Орталық енді жаңа жаттығу құралдарымен қамтылды, оны «Кемеңгер» қауымдастығы сыйға тартты.

Әлия Мұратова, «Болашақ» оңалту орталығының ұйымдастырушысы

Менің де ерекше балам бар, ДЦП. Осы Болашақ орталығымы3 жыл бұрын ашылған. Бізге Астанадан мықты психологтар, мидек мамандар келеді, айналысады. Бұрын біз осыған ақша төлейміз. Қазіргі тегін, бізге жақсы болады. Сыйлап бергеніне.

Жаттығу құралдары отандық өнім. Құны шамамен 1,5 млн теңгені құрайды. «Кемеңгер» қауымдастығы осындай құрылғыларды бұған дейін Қостанай, Петропавл және Қарағанды қалаларындағы оңалту орталықтарына сыйға берген. Енді міне павлодарлық аналар мен балаларды қуантты.

Әсемгүл Омарова, «Кемеңгер» қауымдастығының мүшесі

Бұл құрылғыларды отандық компания жасайды. Және ең әсерлісі негізін қалаушы мүгедек арбасында отырған жан. Біз жайдан жай бұл орталықты таңдаған жоқпыз. Біз мониторинг жасап, таңдап алдық. аналар күшімен істеген орталық, ешқандай қаражат жоқ. Басқа орталықтан келіп жаттыға алады. Өйткені осында әкеп жатттықтыра алады.

«Кемеңгер» қауымдастығы алдағы уақытта жүрегі кең азаматтардың көмегімен тағы қаражат жинап, еліміздің басқа қалаларына осындай орталықтарға көмек көрсетпек. Себебі, жыл сайын целебралды сал ауруы диагнозы бар балалардың қатары көбейіп келеді. Айта кетсек, Павлодар облысында 533 бала целебралды сал ауруына шалдыққан.

Самал Қалиқызы