Шарбақты ауданындағы мәдениет ошағы – талай буынның өнерге құштарлығын оятқан қасиетті шаңырақ. Ескірген ғимарат енді жаңа кейіпке енді. Заман талабына сай күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі енді қайтадан халық игілігіне қызмет ете бастады.Толығырақ сюжетте.

Мәдениет үйінің іргетасы 1963 жылы қаланды. 1991 жылы өртеніп, қайта қалпына келтірілді. Ал 2012 жылы төбеден су ағып, тағы бір жөндеу қажет болды. Бірақ, арада өткен жылдар бойы ғимараттың іші ескіріп, сұрланып, қайта жаңғыртуды талап еткен.

Азамат Қабдырашит, Шарбақты ауданы мәдениет және спорт бөлімінің басшысы

сондықтан осы Сержан Ерғалымұлының бастамасымен облыс әкімі Асаин Байхановтың қолдауымен осы жөндеу жүргізіліп, 363 млн теңгеге жоба құны құрылған болатын.Соған жөндеу жасалып, аяқталды.Ұзақтығы 4 айға созылды.

Жаңарған мәдениет үйі – тек қабырғасы сыланған нысан емес, бұл — руханияттың қайта жаңғыруы. Мұнда енді дыбыс жазу студиясы, домбыра үйірмесі, би залы, әрі 270 адамға арналған кең мәжіліс залы бар. Заманауи сахна киімдері мен музыкалық аспаптар да жаңартылған.

Мәдениет үйінің ашылу салтанаты Қарттар күнімен тұспа-тұс келіп, ауыл қариялары үшін үлкен сый болды. Зал толы — шаттық пен шапалақ, көрермен көңілі толқыған.

Шарбақты ауданындағы жаңғырған мәдениет үйі — тек ғимарат емес, бұл — рухани өмірдің жүрегі. Ел ертеңі үшін ең басты байлық — мәдениет пен өнер десек, осындай нысандардың жаңғыруы — болашаққа жарқын жол.

Дильназ Қуанышбекқызы