Павлодарда көмірге сұраныс артты. Былтыр 580 мың тонна қатты отын қажет болса, биыл 650 мың тоннаға көтеріліп отыр. Соған сәйкес көмір бағасы 2-2,5 мың теңгеге көтерілді. Айта кету керек, еліміз бойынша өндірілетін көмірдің 50 пайыздан астамы Екібастұздағы кеніштерде шығарылады. Қазір облыс орталығындағы көмір сататын кәсіпорындарда ішкі нарықта ерекше сұранысқа ие Майкөбенің көмірі сықа толып тұр. Алдағы қыста өңір 650 мың тонна көмір жағады.
Жанкелді Қожанов, Павлодар облысы энергетика және түкш басқармасының бөлім басшысы
-Оның ішінде 240 мың тонна әлеуметтік салаға, 400 мыңнан астамы халыққа. Қазіргі таңда 240 мыңның 190 мыңнан астамы немесе 80пайызы әкелінді. Ал, халыққа 400 мыңның 50 пайыздан астамы, 200 мыңдай әкелінді.Қазір қоймаларда көмір бар.