Абай мектебінде оқу кабинеттерінің едені жаңартылды. Жөндеу жұмыстары маусым айында басталып, жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық аяқталды. Мектептің математика, физика, химия, биология, география және бастауыш сыныптарға арналған оқу кабинеттерінің барлығы жаңартылған.
Нұрмира Жакупова, Шарбақты ауданының абай құнанбаев атындағы ЖОББ мектебінің директоры
Биылғы оқу жылының басталуына орай мектептің оқу кабинеттерінің едендері ауыстырылды линолиум салынды. Математика, физика, химия,биология, география бастауыш сыныптың барлық оқу кабинеттерінінің едендері ауыстырылды. Біздің мектепке «қазақстан халқы қоры» 242 млн теңге бөлініп, материлдық техникалық базамызды нығайту мақсатында жұмыстар жүргізіп жатырмыз.
Жоба аясында мектепке жаңа жиһаздар мен инновациялық техника да жеткізілді. Алдағы уақытта оқу ордасында STEM зертханасы ашылып, заманауи технологиялармен жабдықталған білім беру кеңістігі іске қосылады.
Нұрмира Жакупова, Шарбақты ауданының Абай құнанбаев атындағы ЖОББ мектебінің директоры
2022 жылы біздің абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің ұжымы облыстық үздік білім беру ұйымы конкурсына қатысып, облыс әкімінің арнайы грантына қолжеткізген болатынбыз 22 жылыдың 2 жартысында 50 млн теңге жүзеге асырылып.
Мектепте ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған инклюзивті кабинет те бар. Мұнда арнайы педагогтер мен мамандар жұмыс істейді. Бұл бағытта да материалдық база кезең-кезеңімен жаңартылуда.
Дильназ Қуанышбекқызы