Елімізде көппәтерлі үйлерді басқарудың тағы формасы өзгертілді. Яғни енді үй иелері баспаналарын не өздері басқарады, не басқарушы сервистік компанияға ұсынады. Толығырақ тілші сюжетінде

Биыл заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, көппәтерлі үйлерді басқарудың екі формасы ғана қалды. Ол мүлік иелері бірлестігі, тікелей бірлескен басқару (36 пәтерден аз үйлер). Ал бұрынғы ПИК-тер көпәтерлі үйдің тұрғындарымен келісімшарт жасап, басқарушы компания ретінде ғана жұмыс істей алады. Сондықтан барлығы қайта тіркеуден өтуге міндетті.

Бақытгүл Базылова, Павлодар қалалық тұрғын-үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары

Тікелей бірлескен басқаруда пәтерлер санының шектеуі жоқ. 36 пәтерге дейін мүлік иелері сот ашпай, сервистік компанияларды тарпауға болады, ал 36 пәтерден асса пәтер иелері шот ашып, заң аясында басқару компанияны тартуға міндеттейді. Яғни мүлік иелері бірлестігі формасында мүлік иелері өздері үйлерін басқарады, ал тікелей бірлескен басқару формасында үйді сервистік басқару компаниясы басқарады. Басқару компаниясы жұмысқа алынса 15 күн ішінде ағымдағы және жинақтық шот ашылу керек. Ай сайын есептер ұсынылып отырады.

Қазіргі таңда Павлодар қаласында 60 көппәтерлі үй мүлік иелері бірлестігі формасы бойынша басқарылып отыр. Ал, тікелей бірлескен басқару формасына өтуді тұрғындар өздері жиналыста шешеді.

Бақытгүл Базылова, Павлодар қалалық тұрғын-үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары

ҚР Тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес үйді күту сметасы, ағымдағы жарналар мүлік иелерінің қатысуымен жиналыста шешіледі. Бұл әрқашан болды. Мәслихат тарифті бекітеді, ол минималды тарифтен төмен болмауы керек. Үйді күтуге кететін қаражат, үй иелерінің қалауын байланысты шешіледі.

Сондай-ақ, мақсатты жарна ұғымы енгізілді. Ол заң бойынша міндетті емес және жиналыстың шешімі бойынша жалпы үй мүлкін жақсарту бойынша қосымша шығындарға ғана енгізіледі. Осылайша енді көппәтерлі үйдің тұрғындары басқарудың осы екі формасының бірін таңдайды. Яғни үйдіне өздері басқарады, не басқарушы компанияға ұсынады.

Самал Қалиқызы