Павлодар қаласындағы Шаңырақ шығармашылық орталығында креативті орталық ашылды. Бұл кәсіпкерлер, қолөнершілер мен өнерпаздарға мол мүмкіндік береді. Енді осыған дейін жұмыс жасаған бағыттар бір арнаға салынады. Тілші сюжетінде.

Облысымызда алғаш рет жаңа құрылым, креативті ортылығы ашылды. Аймақтың шығармашылық әлеуетін арттыруға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға, мәдениетті заманауи бағытта өркендетуге бағытталған жобалардың бірі. Яғни осыған дейін ашылып, жұмыс жүргізіп жатқан орталықтар, құрылымдардың жұмысы бір арнада тоғысады.

Медет Тауасқан, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы

Бұл жерде ұлттық өнерден бастап муызка, киноиструия өнері бар. Әрине біз кино түсіріп кетпейміз. Жастарға қолұшын беру. Өзінің тың идеясын жүзеге асыруғ титтей қадам басуға көмектесу.

Сонымен, креативті орталықта заман қажеттілігіне сай дизайн, музыка, кино, сән, қолөнер, медиа, бейне контент, цифрлық шығармашылық бағытта жұмыс жүреді. Яғни контент жасап, бейне түсіргісі келетін жастардан қолғап тоқып, жүн түткісі келетін әжелерімізге дейін орын бар. Цифрландыруға баса назар аударылып келеді.

Мағзия Әбенова, Шафер музейінің басшысы

Енді біздің музейді қорына келетін болсақ, 23 мың пластинка бар, 700-ге жуығы қазақ халқының әндері күйлері. Жастарға насихаттау үшін оны цифрландыру керек. Бұл бізге дем береді деп ойлаймын. Керемет нәрсе ғой.

Креативті орталық шығармашылық бағытта ғана жұмыс істемейді, экономиканың дамуына да тың серпін береді.

Айзат Бәйтенова, кәсіпкер

Біз енді осы шаңырақ орталығымен 3-4 жыл болды жұмыс істеп жатқанымызға. Осы орталық ашылмай тұрып, көптеген мәдени шараларды өткізіп жүргенбіз. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен алаң. Үлкен дүниені шыардық десем артық айтпаспыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазір елімізде креативті орталықтар ашылып жатыр. Жан-жақты саланы қамтыған орталықтардың түрлі бағытты бір жолда дамытатыны қуантады.

Самал Қалиқызы