Ақпан-қараша айларында Павлодар облысы 600 мыңнан ауыл шаруашығы өнімін экспорттаған. Павлодарлық көкеніс және бидай өнімдері, сондай-ақ, майлы дақылдар көршілес елдермен қатар, Еуропа елдеріне дейін жеткізілген.

Тек, 367 мың тонна бидай штелеге сатылыпты. Оның 245 мыңын Өзбекстан қабылдаған. Сонымен қатар, Тәжікстан, Ауғанстан, Түркіменстан, Қырғыстан, Ресей сияқты елдерге де Павлодар топырағында өскен бидай жеткізілді. Ал, біздің облыста өсірілген картопқа сұраныс тіптен жоғары. Жыл басынан бері кароптың 88 мыңы тоннасы көршілес елдерге экспортталған.

Павлодар облысының бидай ұны да экспортқа бейім. Биыл жалпы 25 мың тоннаға жуық ұн сатылса, оның 90 пайыздан астамын Ауғанстан алған. Сондай-ақ, өзге де Орта Азия елдерімен қатар, Италияға да ұн экспортталған. Ал, жарма өнімінің 4,5 мың тоннасы экспортталған.

Бұдан бөлек, қырыққабат, құс еті, шұжық, сүт, жұмыртқа өнімдері де алыс-жақын шетелдерге жеткізілген.