Павлодар қаласының Трамвай басқармасында бүгін Еңбек Ассамблеясы ашылды. Бұл - түрлі этнос өкілдерін біріктіріп, ұжым ішіндегі сыйластық мәдениетін нығайтуға бағытталған алаң. Салтанатты шара жұмысшы мамандар жылы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы сияқты екі маңызды датаға орайластырылды.

Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова Еңбек Ассамблеясының құрылуы – ұжымдағы этносаралық татулық пен достық қатынастарды бекемдеуге жасалған жаңа қадам екенін атап өтті.

Ресми ашылудан соң қонақтарға Еңбек Ассамблеясының кабинеті, ассамблеяның алғашқы 10 мүшесі таныстырылды. Қазір Трамвай басқармасында 530 адам жұмыс істейді. Трамвай басқармасының басшылығы олардың әрқайсысы Ассамблея жұмысына атсалысуға дайын екенін атап өтті.

Мүслім Махмудов, «Д.Д.Махмудов атындағы Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы

Шын мәнінде, бізде бұл еңбек ассамблеясы бұрыннан бар деп айтуға болады. Біз барлық қалалық, облыстық іс-шараларға қатысамыз. Біздің ұжым Наурыз мерекесінде алаңға киіз үйлер тіккенде де белсенділік танытады. Сондықтан біз осы бағытта жұмыс істеп келдік, ал енді Ассамблея ресми түрде ашылды. Біз көпұлтты ұжымда ұлтаралық келісімді нығайту бағытындағы жұмысты жалғастырамыз. Ұжымымызда да, қаламызда да, елімізде де бейбітшілік пен келісім болсын деп еңбек етеміз.

Қызметкерлері Ассамблеяның қоғамшыл болуға тәрбиелейді деген сенімде. Әр қызметкердің күнделікті еңбегі қала тарихының бір бөлігі екенін сезіндірер деге сенімін де айтты. Ал жұмысшы маман – өндірістік өңірдің негізі.

Елена Евстратова, «Д. Д. Махмудов атындағы Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ еңбек ассамблеясының мүшесі

Бұл – еңбек адамының мәртебесін көтеруге, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға жақсы бастама деп есептеймін. Әрқайсымыз өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Мұндай жобалар біз үшін маңызды. Еңбек Ассамблеясының ашылуына қатысу мүмкіндігі үшін алғыс айтқымыз келеді.

Еңбек Ассамблеясы ұжымдағы келісімді нығайтуға және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған жобалар мен кездесулер өтетін тұрақты алаңға айналмақ. Трамвай басқармасындағылар бұл қадам ұжымды одан әрі біріктіріп қана қоймай, мұнда ерекше бағаланатын өзара құрмет дәстүрін сақтауға көмектесетініне сенімді.