Павлодарда жас мемлекеттік қызметшілер мектебінде оқу басталды. Мемлекеттік қызметке түскісі келетін университет, колледж түлектері арнайы 40 сағаттық оқудан өте алады. Толығырақ тілші сюжетінде.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облыстық филиалында жас мемлекеттік қызметшілерді оқыту басталды. Жоғары оқу орны мен колледждердің талантты әрі белсенді түлектері жобада бақтарын сынай алады. Себебі оқудан өтіп, мемлекеттік қызметте қалғандар қаншама.

Әмина Сейітқазы, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің павлодар облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықпен күрес басқармасының бас маманы

Жас мемлекеттік қызметкер мектебінің түлегімін. Осы мектепте мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын, жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығын, халықпен жұмыс жасауды үйрендім. Сонымен, қатар, мемлекеттік қызметте құжаттарды қалай жасау, қызметтік этиканы, командалық жұмысты қалай істеуді де меңгердім.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік секторға таланттарды іздеу және тарту тапсырмасы аясында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі – талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тартуға, олардың біліктілік қабілеттері мен кәсіби шеберліктің дамытуға бағытталған жобасы Павлодар облысында да іске асырылуда. Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі – жастар мен мемлекеттік аппарат арасындағы көпір деуге болады.

Азамат Жүнісов, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы

Жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектері келіп жас мемлекеттік қызметші мектебінде оқи алады. бұл пул талантты әрі белсенді жастарды мемлекеттік қызметке алу мақсатында құрылды. Жоба қатысушылары ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында білім алады. тестілеуден өткен кейін сертификат алады, кейін өндірістік тәжірибеден өтуге мемлекеттік органды таңдайды.

Мақсат - мемлекеттік қызметте жұмыс істеуді жоспарлап жүрген жоғарғы оқу орындарының, оқыту бағдарламасын өткен студенттерін мемлекеттік қызмет жұмысымен таныстыру және даярлау. Жас мемлекеттік қызметшілер мектеп түлектері 40 сағат даярлықтан өтеді.

Самал Қалиқызы