Май ауданында мал шаруашылығы дамып, таза ауыз су тартылып, асфальт төселіп, кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде. Бұған қоса аудан әлеуеті үшін инвестиция құйылуда. Бұл жайында «әкім сағаты» жобасына қатысқан аудан басшысы Қадылжан Сәтиев тікелей эфир барысында айтты. Бұдан бөлек өлкеде қандай игілікті істер атқарылуда? Тілші толықтырады.

Май ауданы ауыл шаруашылығы дамыған аудандардың бірі. Жыл сайын мал басы артып, қожалық саны көбейіп келеді. Субсидия бөлінуде. Сондай-ақ суармалы алқаптарды кеңейту қолға алынған. Бұл үшін инвестиция тартылып, бірнеше жобалар іске асырылып келеді. Келешекте пайдалы қазба орындарын анықтап, игеруде бар.

Қадылжан Сәтиев, Май ауданының әкімі

Жер қойнауы саласына аз емес, көбірек көңіл бөлініп жатыр. Талдау жүргізгеннен кейін осы салаға көбірек көңіл керек екенін өзімізге шештік. Инвестиция алдағы уақытқа 2025-2028 жылдарға жоспар жасадық. Яғни ол 8 жобаны іске асыруға 3 жоба жер қойнауы саласында және 5 ауылшаруашылығы және де мына ауыл тауарларды өңдеу суармалы жерлерді іске қосу.

Бағдарлама барысында студияға аудан тұрғындары қоңырау шалды. Нұргүл есімді тұрғын аудан әкіміне Саты ауылында медициналық пункт қашан салынатынын сұрады.

Мердігер компания анықталған.Құрылысы жақын уақытта басталады. Сондай-ақ, Ақжар, Ақшиман ауылдарында бұл түйіткіл бар екен. Бұнда да шешімін табады. Бұған қоса аудан азаматтарын Қызылеңбек, Ақшиман елдімекендерінде тас жолдың жоқтығы алаңдатады. Асфальт, тек 2026 жылы ғана төселеді екен.

Қадылжан Сәтиев, Май ауданының әкімі

Ақшиман ауылында ең шалғай ауыл. Ішкі жолдары мүлде жоқ. Былтырдан бері барлық тиісті құжаттарды дайындап. Ендігі жылға бюджеттік өтінім бердік, тиісінше 2026 жылы жұмыстарды бастайтын боламыз. Жоспарда бар 2 км ұзындығы.

Тікелей эфирдің соңында аудан әкімі дәстүрлі әкім уәдесін айтты. Қадылжан Сатиев жастар орталығының жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсететінін айтты.

Әйгерім Тоқпанқызы