Павлодардағы Мансап орталығында кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтті. Онда 18 кәсіпорыннан 200-ге жуық вакансия ұсынылды. Айта кетейік, Павлодарда 6 мыңға жуық адам жұмыссыз жүр.
Бектұров 115 мекенжайында орналасқан Мансап орталығында бүгін халық қарасы қалың. Бәрі де екі қолға бір күрек алып, жұмысқа орналасқысы келгендер. Бірі техникалық мамандық бойынша, бірі денсаулығына байланысты жеңіл қызмет тапқысы келеді.
Сәуле Абжакова, жұмыс іздеуші
Осы орталыққа келіп отырмын. Бүгінгі ярмаркаға қатысып. Кенжекөлден келіп отырмын. Бір ай болды. бірінше рет келіп отырмын. Жұмыс табылады деп үміттеніп келіп отырмын.
Азаматтарға ұсынылатын вакансиялар қатары да сан алуан. Алпауыт компаниялар қоймашыдан бастап, жүргізуші, станокшы, токарьларға да дейін қажет деп отыр.
Евгения Ковган, кәсіпорын өкілі
Қазіргі таңда біздің кәсіпорынға машина жасау, металлургия, станокшы, станок операторлапы, жылуэнергетика, электрэнергетика, токарьлар, слерарь, электрмонтерлар қажет. Әйел адамдарға да бос орындар бар. Келіп жатыр адамдар, вакансияларды ұсынып жатырмыз. Тіпті біздің кәсіпорынға келіп, жақырынақ таныса алады. Тәжірибесіз ала аламыз. Өзіміз үйретеміз.
Осылайша 18-ге жуық жұмыс беруші кәсіпорынмен азаматтарға 200-ге жуық бос орын ұсынылды.
Сүйіндік Бөтенов, Павлодар қаласы мансап орталығының басшысы
Бүгінгі жәрмеңкеге ірі кәсіпорындар Алюминий зауыты, Электролиз зауыты, Павлодар водоканал, Павлодар жылу желілері, деген кәсіпорындар қатысады. Пробация қызметінен босап шыққандар қатысуға жоспарлануда.
Мансап орталығы айына бір рет бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Қазір облыста 6200 адам жұмыссыз ретінде тіркелген Оның ішінде 2 мың азаматпен жұмысқа тарту шаралары жүргізілуде.
Самал Қалиқызы