Екібастұзда екінші алып форроқорытпа зауыты ашылды. Кәсіпорын жылына 240 мың тонна ферросилиций өндіреді деп жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 200 млн АҚШ доллары.
Кәсіпорынның ашылу салтанатына облыс әкімі, зауыттың акционерлері, қала тұрғындары жиналды. Алып кешен Екібастұз шаһарының ғана емес, облыстың, қала берді күллі республиканың экономикалық адмуына серпін береді деп күтілуде. Өйткені, бұл кәсіпорын толық қуаттылыған енген соң Қазақстан ферроқорытпа өндірісі бойынша әлемде екінші орынға көтерілмек.
Екібастұз еңбеккерлер қаласы. Өнеркәсіп мамандарының үлкен мектебі қалыптасқан. Елге танымал еңбеккерлер қаласы енді әлемнің 52 еліне жоғары ферросилиций жеткізеді.
Осылайша кәсіпорынның алғашқы символдық мәндегі қорытпасы да көпшіліктің алдында рәсім ретінде жасалды. Жалпы құны 200 млн доллор тұратын жоба жоғары экологиялық талаппен салынған.
Бұнда жұмыс істейтін мамандардың орташа жалақсы 470 мың теңге болмақ. Ал, шикізаттың 96 пайызы Қазақстаннан алынады.
Кәсіпорын Екібастұздағы электр стансаларға іргелес салынған. Сондықтан, қауіпсіз электр энергиясымен қамтылған деуге болады. Әлем бойынша үздік үштіктің қатарындағы зауыт елдің экспорттық әлеуетін еселейтіндігіне сенім мол.