Павлодар қаласының №40 жалпы орта білім беру мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында облыстық семинар өтті.Бас қосу ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, өңірдің танымал тұлғаларының есімін ұлықтауға бағытталған игі іс-шаралармен жалғасты. Мектептің даму бағдарламасына сәйкес Ертіс-Баян өңірінің құрметті азаматтарына арналға екі кабинет салтанатты түрде ашылды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқу-тәрбие үдерісінде экологиялық білім беру бағытындағы жобаларды іске асыру, құндылықтарға негізделген білімді оқу мазмұнына тиімді енгізу және мектептерде ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру.Семинар барысында профессор, педагогика ғылымдарының докторы Қайырбай Базарбеков атындағы биология кабинеті ашылып, оның ашылу рәсіміне ғалымның жұбайы келді.

Лилия Базарбекова, Қайырбай Базарбековтың жұбайы

Мектеп ұжымы мен барлық қатысушыларға Базарбеков әулетінің атынан алғысымды білдіремін. Біздің екі ұлымыз, 4 немереміз және 6 шөбереміз бар. Олар бүгінгі шараға келе алмады, бірақ дұғай-дұғай сәлемдерін жолдауды өтінді.

Астана қаласынан арнайы келген шәкірті әрі әріптесі де қуанышты сәттін куәгері болды.

Болат Жұмадилов, биология ғылымының кандидаты

Ол кісі менің ұстазым, үлкен 27 жыл бойы бірге жұмыс істедік, маған біріншіден сабақ берген, екіншіден бірге әріптес болдық.Қайырбай Базаобеков көптеген студенттерді оқытып, қажырлы еңбек еткен.

Марғұлан университетінің жаратылыстану жоғары мектебі мектеп басшылығына алғыс хат табыстап, ғалым есімін ұлықтау бастамасының маңызын атап өтті.

Қожакелді Мәуленқұлов, «Павлодар қаласы №40 ЖОББМ» КММ директоры

Мектептің даму бағдарламасы негізінде жыл сайын Павлодар облысынан туған тұлғадарға арнап кабинеттер ашу. Олардың есімін дәріптеуді қолға алғанбыз.Оның адында орыс тілі кабинетін ашықтық. 2024 жылы Қ.Сатпаевтің география кабинетін ашқанбыз.

Бүгінгі шараның тағы бір ерекше сәті – қызмет бабында өрт сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан, «Айбын» орденінің III дәрежелі кавалері Арыстанбек Дулатұлы Машрапов атындағы «Жас сарбаз» кабинеті ашылды. Бұл – ұрпақты батырлыққа, елжандылыққа баулитын тағылымды қадам.

Дулат Қабзолдин, А.Д.Машраповтың әкесі

Өте ризамын, өзі енді таңқалдым осы мектептен военком зваедап, хабаоым беріп мен өте ризамын, рахмет. Осы кабинеттен айбынды сарбаздар шықсын.

Өрт сөндірушілер қызметінің өкілдері де бұл бастаманың жас буынға берер тәлімі мол екенін атап өтті.

Әсет Сердалин, Павлодар облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары

Қазіргі таңда осындай кабинеттердің ашылып еліміздің батыр әріптестеріміздің есімін беріп жатқаны жас ұрпақтың тәрбиесіне үлкен рөл атқарады. Мектеп ұжымына да алғысымызды білдіреміз.

Жалпы, бұл шара – жас ұрпақты елге қызмет етудің, ғылымды құрметтеудің және отансүйгіштіктің жарқын үлгісімен таныстыруға бағытталған маңызды қадам. Ертіс-Баян өңірінде туып-өскен азаматтардың өнегелі өмір жолын дәріптеу – бүгінгі буынға бағытталған рухани тәрбие бастауы.

Дильназ Қуанышбекқызы