Елімізде маусымдық вирус өршіп тұр. Бүгіннен бастап өңірде 150 сынып онлайн оқуға көшті. Қандай жағдайда сабақ қашықтан өтеді? Рет ретімен тілшіміз толықтырады.

Жұқпалы аурулар инфекциясын жұқтырған науқастар саны өскен. Әдетте вирустың беті аяз түскен кезде бәсеңдейді. Ал, қазір жылымық. Бұған қоса, бұны сала мамандары қауіпсіздік шараларын сақтамаудан деп отыр.

Зәмзәгүл Дощанова, Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

2025–2026 жылғы эпидемиялық маусым басталғалы Павлодар облысында жедел респираторлық вирустық инфекциялардың 52 142 жағдайы тіркелді. Бұл өткен маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға төмен. Ауруға шалдыққандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 32 833, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 1 153 жағдай. Сондай-ақ 179 жүкті әйелдің ЖРВИ жұқтырғаны анықталды.

Бұл көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға төмен деді мамандар. Алайда инфекцияның өршуіне байланысты бүгіннен бастап өңірде 150 сынып қашықтан оқуға көшті. Павлодар қаласында – 123, Тереңкөлде – 2, Павлодар ауданында – 25 сынып. Мамандар оқу онлайнға қандай жағдайда ауысатынын түсіндірді.

Сәуле Исабаева, Павлодар облысы білім беру басқармасы тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы

Павлодар облысында ОРВИ-мен ауырып қалған оқушылардың үлесі өңірдегі жалпы мектеп контингентінің 13 пайызына жетті. Балаларды қашықтан оқытуға көшіру мәселесіне келсек, 2025 жылғы 22 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында бұл талаптар нақты көрсетілген. Құжатқа сәйкес, егер бір сыныпта оқушылардың 20–30 пайызы жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан жағдайда, инкубациялық кезең ішінде аталған сыныпта кабинеттік жүйе тоқтатылады. Ал эпидемиялық процеске оқушылар кеңірек тартылып, жалпы сырқаттану деңгейі 30 пайыз және одан жоғары болған жағдайда, бір инкубациялық кезеңге оқу онлайн форматқа ауыстырылады.

Дәрігерлер ата-аналарға сақтық шараларын жүргізуге щақырады. Бұдан бөлек, ақ халаттылар тұмауға қарсы вакцина салуға кеңес береді. Біздің өңірге биыл 90 мың доза екпе жеткізілді.

Әйгерім Тоқпанқызы