Биыл Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылғанына 20 жыл толды. Осыған орай облыс орталығында салтанатты шара ұйымдастырылды. Жиынға Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері және халыққа қызмет көрсету саласының ардагерлері қатысты.

Бұл күні өңірде мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға елеулі үлес қосқан мамандар марапатталды. Оларға Алғыс хаттар мен Халыққа қызмет көрсету орталығының 20 жылдық мерейтойлық медальдары табысталды. Жалпы 60-қа жуық сала маманы құрметке ие болды. Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов орталықтардың даму және цифрлық қызметтерді жетілдіру жолындағы үлесін атап өтіп, қызметкерлерге алғысын білдірді.

Серік Батырғожинов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары

ХҚКО тек құжаттарды рәсімдейтін орын ғана емес, заманауи цифрлы шешімдер арқылы азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, ел мен халық арасында сенім көпіріне айналған мекеме. ХҚКО еліміздің ең ірі және халыққа жақын сервистік құралға айналды.

Қазір орталықтарда заманауи цифрлық шешімдер енгізілген. Биометриялық сәйкестендіру жүйелері, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары жұмыс істейді. Мұның барлығы халықтың уақытын үнемдеп, қызмет алу жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Мемлекеттік көрсетілетін 1200 қызметтің 40 пайызы онлайн форматқа көшті. Облыс тұрғындарына үйден шықпай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы қажетті қызметтерді алуға мүмкіндік бар.

Алтай Қайдаров, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Павлодар облыстық филиалы директорының М.А.

Бүгін міне Павлодар облысында Республикалық деңгейде аталып өтіп жатқан ХҚКО 20 жылдық шарасы өтіп жатыр. Ол біздің 2005 жылы ең бірінші ХҚКО ашылған. Сол шараның артында бүгін міне облыста осы шарада өзіміздің өткен уақытымызды көрсетеміз.

Қызмет көрсетудің алдыңғы шебінде жүрген мамандар үшін бұл мерейтой тәжірибемен бөлісіп, жаңа даму бағытын айқындауға мүмкіндік. Марапат алғандардың қатарында салада 15 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан білікті қызметкерлер бар.

Әсемгүл Даирбекова, Павлодар қалалық №1 ХҚК бөлімінің маманы

Операциондық залда құжаттарды рәсімдеу, азаматтарды қабылдау, қарсы алу, жылжымалы мүліктерді тіркеу, қызмет көрсету, қарсы алу, кезекті реттеу жолдарын қамтамасыз етеміз. Мемлекетке қызмет көрсету өте маңызды сала. Саол себепті адамдарға бағыт беруді қамтамасыз етемін. Адамдар үйден шықпай қызметтер алады. Азаматтарға көрсетеміз цифлық қолтаңбаны қалай алу керек, қаолай уақыт үнемдеу керек екендігін көрсетеміз.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары тұрғындарға анықтама беру, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру сияқты қызмет түрін бір жерден ұсынады. Бұл жүйе ашық әрі қолжетімді мемлекеттік сервистердің дамуына жол ашты.

Сабина Жолдаспаева