Ертіс ауданында бесінші рет Шоқан Уәлиханов оқулары өтті. Оқушылармен қатар ұстаздар да оқуда бақтарын сынады. Биыл Шоқан Уәлихановты зерттеушілер қатары артқан дейді, ұйымдастырушылар. Толығырақ тілші сюжетінде.

Северное ауылындағы мына мектеп Шоқан Уәлихановтың есімін алғанына биыл бесінші жыл. Осы білім ошағында оқитындар Шоқанды бірақ жылдар бойы терең зерттеп келеді Жылда дәстүрлі түрде Шоқан оқулары да бұл мектепте ұйымдастырылады.

Нығмет Жүсіпов, Ш.Уәлиханов атындағы мектептің директоры

Көп жылдар бойы біздің оқушылар «Шоқан жолы атты» сакральды маршрут» құрастырып, Шоқанды зерттеп, ғылыми жобалар жазылып, оның есімі біздің мектебімізге берілген. Ол жай емес, біздің мектеп шекаралық аймақта орналасқан. Бізде шекаралық застава орналасқан. Шоқан Уәлиханов әскери адам болғандықтан. Біз Шоқан Уәлиханов есіміне ие болсақ дегенбіз.

Шоқан Уәлиханов оқуларына өңір аудандарының оқушылары мен ұстаздары келіп қатысса, көршілес Ресейдің Омбы аймағының оқушылары онлайн қатысты. Жалпы 100-ден астам қатысушы бақтарын сынады.

Қолғанат Ғабитжан, Ш.Уәлиханов атындағы мектептің оқушысы

Мен осы Шоқан оқуларына жылда қатысамын. Көбінесе қара сөз номинациясына қатысатынмын, бүгін макет жасадым. Өте көп әсер алдым. Себебі, басқа мектептің оқушылары да керемет макеттер жасапты. Мен орын аламын деген ойдамын. Мен осы Шоқанның әжесі Айғанымның киіз үйін жасадым. Оның өнерлі, дана болғанын, Шоқанның өмірінде қандай әсер еткенінайтып шықтым. Көрсетіп шықтым.

«Жалт еткен метеор», «Шоқан көзімен», «Шоқан және қолданбалы өнер», «Бала шоқан», «Халық тарихының аспанында жарқ еткен жұлдыз», «Жас дарын» атты номинациялары болды. Онда қатысушылар сахнада өнер көрсетіп, жасанды интеллектті пайдаланып бейнероликтер жасап, макеттерін ұсынды. Жалпы 5 аталым болды.

Аяжан Әубәкірова, Ш.Уәлиханов атындағы мектептің оқушысы

Мен қолданбалы өнер номинацияда қатыстым. Бұл номинацияда 30 дан аса бала қатысты. Істеген макеттері, суреттері көп. Мен Шоқанның Қашқарияға сапарын жасаған едім. Ішіндегі жәрмеңкесін жасадым.

Шараның негізгі мақсат жастарды қазақтың маңдайына біткен тұлға Шоқан шығармашылығымен, өмірімен таныстыру, насихаттау. Жан-жақты салада орнып тапқан Шоқандай азаматтың ақылдығы мен тектілігін үлгі ету.

Жансая Қанатова, И.Байзақов атындағы ЖОББ мектебінің оқушысы

Осы жылы Шоқанның көзімен номинацияға қатыстым. Ұлы Шоқаның ғылыми еңбектерін жинақтай отыра насихаттау менің басты мақсатым. Осы шоқан оқуларында мен Шоқанның еңбектерін Сапарғали Бегалиннің «Шоқан Асулары» деген повесінен жинақтадым. Менің ойымша ол біздің мәңгіліе есімізде сақталады.

Әділ қазы алқалары құрамында тіл жанашырлары, Шоқанды зерттеуші азаматтар, ұстаздар болды. Оқушылардың бұл оқуларға деген жауапкершілігі мен тұлғаны зерттеу бағыттарының артқанын айтты.

Нариман Мақсұт, Қарағаш мектебінің мұғалімі

Мына Шоқан оқулары сайысы жыл сайын өтеді. Жыл сайын деңгейі артып келеді. Биыл Омбыдан да қатысушылар қосылды. Енді балалардың да деңгейі жыл сайын өсіп келе жатыр. Жоғары деңгейде. Шоқан Уәлихановтың зерттеген еңбектері туралы, сапарлары туралы. Жаңашылдық алып келген Шоқан Уәлихановтың құқық-мәдениетке тигісетін пайдасмын, үлгі өнегелерін қосып жатыр.

Шоқан оқуларына оқушылармен ұстаздар да қатысты. Олар эссе жазып жарысты.

Самал Әубәкірова, Павлодар қаласы №43 ЖОББМ директорының орынбасары

Қазақта Шоқан Уәлиханов жарқ еткен жұлдыз деп айтады ғой. Мен мұғалім ретінде «Сөнбес жұлдыз» номинациясы бойынша эссеге қатыстым. Ауылдық мектеп қала мектебімен тепе тең шара өткізгеніне өте қуаныш болды.

Шоқан халқымыздың ұлы перзенті. Оны зерттейтін тақырыптар жа жетерлік, ең бастысы жастардың қызығушылығы таусылмай тұр. Алдағы уақытта Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп кадет сыныбын ашуды да жоспарлап отыр.

Самал Қалиқызы