Астықпен айналысатындар үшін осы жыл қолайлы болды. Шаруалар мол өнім жинап, қамбаларын астыққа толтырды. Солардың бірі Ертістегі «Смағұл» шаруа қожалығы.
Қазіргі таңда «Смағұл» шаруа қожалығының жер көлемі 12 мың гектар. Онда шаруалар күнбағыс, зығыр, астық егеді. Отбасылық кәсіпте ағайындылар 1998 жылдан бері нәпақасын тауып отыр. Алғашқы жылдары қиындықтардың болғанын жасырмады.
Ерболат Смағұлов, «Смағұл» ШҚ инженері
Алғашқы жылдары жағдайымыз жақсы болмады. Түрлі қиындықтар туындап отырды. Бастапқыда 130 гектардан бастадық, қазір 10 есеге өстік десек болады. Биыл тіпті жағдайымыз жақсарды, мол өнім жинадық. Жалпы алым гектарынан 30 центнерге дейін жетті. Қыста қазір қоймаларды салуды бастаймыз. Үлкен ангарлар бой көтереді. Қазір бізде 20 мың тоннаға арналған қоймалар бар. Астығымыз сыймай қалды, біразы далада. Себебі қоймада күнбағыс бар. Бірақ ештеңе етпейді. Бәрі бақылауда. Өндіру циклдерінің бәрі орындалып жатыр. Негізі бізде екі үлкен жаңа қойма бар, үшіншісі ескі кеңес кезеңінен қалған.
Шаруа қожалығының жағдайы қазір жақсарды. Техника 100 пайызға жаңарған, қоймайлар салынып, аумағы артты. Өнімді құрғату жағы да бір жолға салынды.
Ерболат Смағұлов, «Смағұл» ШҚ инженері
Біз жаңа шағын элеватор қойдық. Ол мүлдем басқаша. Үш жыл бойы Новосібір, Барнаул, еліміздің басқа өңірлерін аралап, көріп шықтым. Олардың жұмыс процесін көрдім. Әр шаруашылықтан жақсы нәрселерді алып, өізімзге енгіздік. Өнімділігіміз жоғары, шұңқырымыз көлемді, 300 тонналық. Сағатына құрғақ астықтың 170 тоннасын өңдейді. Қазіргі таңда бізді 100 пайызға қамтамасыз етіп отыр. Құрылғы мен материалы 200 млн теңгеге шықты.
Мындағы астықтың бәрі Жолқұдық элеваторына жіберіледі. Күнбағыс әзірге қоймада сақтаулы, бағасы қолайлы болған кезде ғана тиісті өңдеу орындарына босатылмақ.
Ерболат Смағұлов, «Смағұл» ШҚ инженері
Біз зығыр, күнбағыс, судан шөбін өсіреміз. Тәжірибе көрсеткендей, бұл бағасы жағынан тиімді. Сақтау жағынан қолайлы. Негізі біз бірнеше жылдық құрғақшылықтан кейін гектарынан 20 центнер өнім алуды жоспарлағанбыз. Бірақ биыл бағымызға қарай, 30 центнер алдық. Мемлекет тарапынан да тиісті субсидияларды алып отырмыз. Қазір қожалықта 25–тен аса адам жұмыс істейді.
Шаруа қожалығының агрономы мықты. Соның арқасында астықтың желімтегі тиісті деңгейде дейді шаруалар.
Самал Қалиқызы