Павлодар облысының басты арнасы Ертіс телеарнасы үшін биыл ерекше жыл. 60 жылдық мерейтойын Достық үйінде атап өтті. Облыс әкімі телеарнамызды құттықтап, көліктерді жаңартуға 30 млн теңгелік сертификат сыйлады. Бірқатар азамат марапатқа ие болды.

Міне 60 жыл бойы ізденімпаз тілшілер, қырағы операторлар, кәсіби режисерлер, инженерлер және кадр сыртындағы қаншама жан сіз бен біздің дәлме дәл уақытта ақпарат алуымызға барын салуда. Осы ретте Достық үйінде Ертіс телеарнасының 60 жылдығына орай салтанатты шара өтті.

Осы ретте, аймақ басшысы аймақтың басты арнасының автопаркін жаңарту мақсатында ұжымға 30 млн теңгелік сертификат табыстады.

Қазақстан телерадиокорпорациясының құрамына 4 республикалық, 14 аймақтық арна мен 3 радио кіреді. Оның қатарында Ертіс телеарнасы да бар. Корпорация атынан әріптестеріміз де келіп, ыстық ықыласын білдірді.

Еркін Мұхаметжанов, «Abai tv» телеарнасының директоры

Ертіс телеарнасы филиалы, Бұл телеарнаның үлкен филиалы деп санаймыз. Осы өңірдегі идеологиядық жұмыста маңызды деп санаймыз. «Қазақстан» үлкен медиақұрылым, оның әр филиалы біз үшін маңызды.

60 жыл ішінде аймақтың басты арнасы талай тарихи кезеңді бастан кешті. Экрандағы бейнелер ақ қара түстен заман талабына сай түрлі түске ауысып, телестудиялар жаңарды. Өңірдің кез келген нүктесінен тікелей эфирде ақпарат таратуды мүмкіндікке ие болды. Салтанатты шара барысында арнаға ғұмырын арнаған ардагерлер, тілші, оператор, режиссерлерлер түрлі дейгейдегі марапатқа ие болды. Оның ішінде ардагеріміз Зәру Абжанқызы облыс алдында сіңірген еңбегі үшін белгісімен марапатталды.

Зәру Алшағырова, телеарна ардагері

Мен 70 жылдан 2003 ке жұмыс істеп шықтым. Жаңа құрылған кезі. Сондайлармен ғана жұмыс сітеді, командировкаға баратын. Материалдар әкелетін. Эфирге беретінбіз. Ол кезде 40-45 минут болатын.

 «Елу жылда ел жаңа» демекші, 60 жылда телеарнадан талай буын өсіп өніп шыңдалды. Осы жерден ұшқан қанша азамат қара шаңырақта алған өнеге, тәлімін, өсиет етіп келеді.

Құралай Хасенова, ардагер журналист

Мен Ертіс телеарнасына 200 жылдардың басында келген болатынбыз. 20 жылдай еңбек еттім. Ол кезде ұстаздарымыз мықты болды. өте көп ұстаздарымыз мықты болды. Бізге қиын болды деп айта алмаймыз.

Бүгінде тележурналистердің қолында ең креативті бағдарламалар жасауда қажетті барлық мүмкіндік бар. Телестудия ұжымы өз ісіне шын берілген, мамандығын жан тәнімен сүйетін адамдар.

Жамбыл Зейнолла, журналист

Әрқайсымыз үшін түлеп ұшқан жеріміз ыстық қой. Бірақ соның өзінде оң дамуын байқаймыз. Бәрі дән риза.

Ламбриан Топузов, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ дистрибуция және сатып алу бөлімінің менеджері

Мен 2008-2010 жылдары жұмыс істедім. «қазақстан-павлодарһ» телеарнасында. Содан бері ардагерлерден керегеін алып, шыңдалдым, тіл жағынан. Қазір жастардың қолында бәрі бар. Демек қауіпсіздік мәселені де жоғарылады. Оны да мұқият қарау керек.

Қара шаңырағымыз Ертіс телеарнасы 60 жылда көрермен бірге өсті. Өңір жұршылығының үніне құлақ асты, өзін де тыңдата білді.

Самал Қалиқызы