Елімізде дәрі-дәрмек бағасы арзандап келеді. Бұл – дәрі құнын реттеудің жаңа тетігі енгізілгеннен кейін байқалған оң өзгеріс. Енді халық жиі пайдаланатын препараттардың басым бөлігі бұрынғыдан қолжетімді.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті биыл елдің 20 өңірінде мониторинг жүргізді. Ал, өңірімізден талдауға сұранысы жоғары 50 дәрі енді. Оған вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, жүрек-қан тамырлары және ас қорыту жүйесіне арналған препараттар жатады.
Үміт Қырғызбаева, Павлодар облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық бақылау бөлімінің бас маманы
Қазіргі уақытта 4994 дәрілік затқа шектік бағалар бекітілген. Ал, рецептісіз сатылатын 1707 препарат мемлекеттік реттеуден шығарылып, өкілетті орган тарапынан тұрақты мониторинг жүргізіліп, нарықтық бағалар бойынша өткізілетін болады. Сонымен қатар «Нақты өнім» мобильді қосымшасы арқылы кез-келген дәріні бірден тексеруге болады. Аталған жүйеде біз дәрілік заттың қаптамадағы QR кодын сканерлеу арқылы біз дәрілік заттар жайында толық ақпарат және оның жалған фактілерге қатысты бар-жоғын анықтауға болады. Егер дәрілік зат бойынша заңбұзушылық орын алған жағдайда ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне және «Нақты өнім» қосымшасы арқылы шағым түсіруге болады.
Дәрілердің орташа арзандау деңгейі 11,1 пайызды құрайды. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар дәрілер қолжетімді бола бастады. Дәріханаларда бағаның жоғары екені байқалса, оны DariKz мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады.
Сабина Жолдаспаева