Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Павлодар ауданы Новоямышева ауылында рейд ұйымдастырды. Олар әлеуметтік осал, көпбалалы отбасылардың үйлеріне барып, өрт қауіпсіздігі ережелері жайында түсіндірді. Одан кейін улы газ иісін ерте анықтайтын датчиктер орнатты. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Алдымен құрылым мамандары алдына қойған міндеттерді айқындайтын жиын өткізді. Тапсырма алып, ауыл көшелеріне жөнелді.
Бұндай шараның мақсаты жылыту маусымы кезінде тілсіз жаумен күресіп, оны алдын алу. Үй- үйді аралады. Онда улы иісті ерте анықтайтын құрылғыны орнатып, азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.
1700 тұрғыны бар елді мекендегі 420 үй тексерілді. Әлеуметтік осал отбасыларға 770 улы газ анықтайтын датчиг орнатты.
Әйгерім Тоқпанқызы