Сақтандырылмаған азаматтар да қатерлі ісіктің бар-жоғын анықтау үшін ашық есік күніне барып, дәрігерлерден кеңес ала алады. Сонымен қатар, егер қатерлі ісік қаупі болса компьютерлік томографиядан тегін өтуге де болады. 22 қараша сенбі күні Павлодар облыстық онкологиялық диспасерінде ашық есік күні өтеді.

Сенбі 22 қараша күні онкологиялық орталықта кезекті ашық есік күні өтеді. Онкологиялық орталықта өтетін дәстүрлі медициналық тексеріске әдетте 50 мен 200 адам аралығында келеді екен. Бұл жолы өкпе мен ұйқы безінің қатерлі ісігіне басымдық беріледі.

Валерий Кравчук, Павлодар облысы онкологиялық диспансерінің торокальды бөлімшенің меңгерушісі

Осы уақытқа дейін өкпе қатерлі ісігі бірінші орында болды. Соңғы 6-7 жылда өкпе қатерлі ісігі үшінші орынға шықты. Себебі сүт безі мен колоректальды обыр алғашқы орындарда қазір. Бірақ соған қарамастан, өкпе қатерлі ісігі медициналық және қоғамдық проблеманы көрсетіп отыр. Себебі обырдың осы түрінен өлім жағдайы өте жоғары. Емделу жағын қиын, операциялар да жеңіл өтпейді. Сондықтан ерте анықтап, емделген жөн.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар да келіп, мамандарға тексеріле алады. Тек қолыңызда жеке бас куәлігі болса жетерлік. Жалпы статистикаға тоқталсақ, онкологиялық диспансерде 14 351 адам есепте тұр. Оның ішінде 451-і өкпе, 70-сі ұйқы безінің обыры бойынша.

Ульфат Боромбаев, Павлодар облысы онкологиялық диспансерінің жалпы онкология бөлімшенің меңгерушісі

Ұйқы безінің қатерлі ісігі өте ауыр емделетін қатерлі ісік түрі. Бұл Павлодар облысында ғана емес, жалпы елдегі мәселелерді бірі. Облыста жыл сайын 70-90 жағдай тіркеледі. Қатерлі ісіктің анықталуы қиын, себебі ол түрлі ағзалардың артында көрінбейді. Оған биопсия жасау да жеңіл емес. Сондықтан ұйқы безінің қатерлі ісігін алғашқы кезеңдерде анықтау қиын.

2025 жылдың 10 айында есепке өкпе қатерлі ісігімен 202 адам, ұйқы безі қатерлі ісігімен 64 адам алынды. Айта кетейік, осы сенбіде келген онкология қаупі бар науқастар тегін компьютерлік томографиядан өте алады.

Самал Қалиқызы