Өңірімізде жұқпалы вирустық инфекция өршіп тұр. Әсіресе балалар арасында аурушаңдық жиіленген. Осыған байланысты кей ата-аналар балаларына антибиотикті дәрігердің кеңесінсіз беруге асығады. Ал мұндай қадам – антибиотикке төзімділікке әкелетін ең үлкен қателік.Толығырақ келесі сюжеттен көрейік.
Антибиотикке төзімділік – микроорганизмдердің дәріге бейімделіп, оған «қорғану» механизмін қалыптастыруы. Соның салдарынан бұрын әсер ететін препараттар енді көмектеспей қалады. Бұған себеп – антибиотикті орынсыз қолдану, дәрігердің рецептісіз сатып алу; вирустық ауру кезінде антибиотик ішу; емдеу курсын аяқтамау;дозаны өз бетінше өзгерту.
Жұлдыз Жанпейісова, «Viamedis Pavlodar» ЖШС-нің педиатр дәрігері
Көбінесе балалар поликлиникаға келмей өздері бала бірінші күннен ауырады ғой оларға антибиотик бере салады. Сондай балалар көп бар. Бірақ оларды екінші рет балалар аурады ғой антибиотик уже оларды басқа антибиотиктер алмайды. Себебі баланың имунитеті уже дәрілерге үйреніп алады. осындай кезде емханаға жатқызуға направлеине береді.
Дұрыс таңдалмаған антибиотик аллергия, жанама әсерлер және ішек микробиотасының бұзылуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, дәрі баланың салмағына қарай ғана тағайындалуы тиіс.
Антибиотикті өз бетінше беру — ата-ананың да, дәрігердің де алаңдаушылығын туғызатын мәселе. Кей ата-аналар бұл жауапкершілікті жақсы түсінеді.
Ата-аналардың арасында дұрыс көзқарас қалыптасып келе жатқаны қуантады. Дегенмен, пікір әртүрлі. Осыған орай бірнеше ата-анадан блиц-сұхбат алдық.
Антимикробтық төзімділік – денсаулық сақтау жүйесі мен болашақ ұрпақ үшін үлкен қауіп. Бұл тек дәрігерлердің емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Антибиотиктер адамзатты талай өлімнен құтқарған маңызды құрал. Оларды дұрыс қолдану – әрқайсымыздың міндетіміз.
Дильназ Қуанышбекқызы