Тереңкөл ауданында Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күн – ел экономикасының негізгі тірегі саналатын ауыл еңбеккерлерінің құрметіне арналған маңызды мереке.

Салтанатты шарада Тереңкөл ауданының әкімі бұл саланың өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бірқатар қызметкерлерді марапаттады. Олар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және аудан әкімінің Құрмет грамоталарын алды. Үздік мамандардың адал еңбегі, жоғары көрсеткіштері мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан еңбегі ерекше аталды.

Азамат Маңғұтов, Тереңкөл ауданының әкімі

Биылғы жыл оңай болған жоқ. Дегенмен, ыстыққа да, суыққа да қарамай туған жердің топырағын түлетіп, береке мен ырыс әкеліп отырған сіздерсіздер. Биылғы нәтижелер еліміз үшін үлкен қуаныш. Ауданымыздың еңбектің нағыз ордасы екенін дәлелдейді. Сол үшін әрқайсысыңызға алғысымды білдіремін.

Халықтың әл-ауқаты, өмір сапасының жоғары болуы – ауыл шаруашылығының дамуына тікелей байланысты. Тәуелсіздік жылдары бұл сала жаңа серпін алып, ел экономикасын нығайтуда жетекші күшке айналды.

Сабина Жолдаспаева