Негізгі Жаңалықтар Саты ауылында жаңа медициналық пункт салынып жатыр

Саты ауылында жаңа медициналық пункт салынып жатыр

Бұрын Май ауданы Саты ауылының тұрғындары басы ауырып, балтыры сыздаса бірден әкімдікке баратын болған. Себебі соңғы жылдары медициналық қызметкерлер дәл осы әкімдік ғиматының бір бөлмесінде отырған. Енді мәселе шешімін тапты. Елдімекенде халық көптен күткен жаңа медициналық пункт салынып жатыр. 


Саты ауылы облыс орталығынан 170 шақырым жерде орналасқан. 500-ге жуық халық тұрады. Олардың қатарында түрлі аурулармен диспанесрлік есепте тұрғандар да бар. Сондықтан ауыл азаматтары біраз жыл бойы медициналық пункт сұрап жүрген еді. Биыл ел тұрғындары бөркін аспанға атып, жаңа нысанның құрылысына куә болып отыр. 

Қамар Накенова, Саты ауылының тұрғыны

Өзім жиі жүгінемін. Себебі мен 8 жыл болды онкологиялық есепте тұрмын. Үш ота жасалды. Бірінші көмек көрсеткен осы кісілер. Рас халыққа осы ғимаратсыз қиын болды. Біз Малайсарыға баратынбыз система салуға. Акиматтың ішіне кіреміз направление береді, система сала алмайтын. Бүгін міне өте қуанышты жаңалық. осындай ғимараттар салына берсін. Алла тағала ашылуына нәсіп етсін. 

Сонымен, жаңа медициналық пунктте ауыл тұрғындары тиісті ем шараларын қабылдайды. Процедуралық, екпе егу және әйелдерді қабылдау кабинеттері бар. Күндізгі стационар да қарастырылған. 

Иван Гросс, Саты ауылының тұрғыны

Бұрын міне 70 жылдан асқан үй, 50 шы жылдары салынған үйлер. бір екі жыл болды, акиматтың ішінде отырды жағаласып бәрі. Келгенде акиматқа келдің бе, дәрігерге келдің бе білмейсің. Жақсы болды бізге, өте ризамыз. Енді міне үйдің жанында салынып жатқанына ризамыз. Өте сапалы салынған ғимарат. Саты, Абай ауылы тұрғындарынан облыс, аудан әкімдеріне, Нұргүл Жеңісқызына рахмет айтқым келеді. 

БҰл жаңалыққа ауылдың медициналық қызметкері Нұргүл Жеңісқызы да ерекше қуанып отыр. Еңбек жолын 30 жыл бұрын осы Сатыда бастаған. Жерлестерінің денсаулығын біраз жыл бойы бақылап, қарап жүрген жан ретінде ғимаратты асыға күтіп жүр.   

Нұргүл Беккожина, Саты ауылының медициналық қызметкері

Ескі ғимаратты жауып, актілеп жарамсыз деген қағаз бар, сол себепті бізге әкімшіліктен бір бөлме берген. Сол бөлмеде рецепт шығарамыз, жолдамаларды береміз. Ал науқастарды үй үйлерді аралап қарап жүреміз. Көптен бері шешілмей келе жатқан жаңадан құрылысы медициналық нысанның. 2001 ден осы сұрақты көтеріп жатқанбыз. назар тудырып. 2026 жылдың 20 сәуірінде басталды құрылыс. Мердігері «Ер-Алаш». Бүгінгі таңда 98 пайыз аяқталды.  

Бұдан бөлек, медициналық пункт жанында жылыту қазандығы, арнайы көлікке тұрақ та салынды. Айта кетейік, жоба құны 117 млн теңгені құрайды. 


Самал Қалиқызы



Бөлісу