Негізгі Жаңалықтар Өрттен сақ бол!

Өрттен сақ бол!

Пеш пен электр жабдықтары ақаусыз, ал мұржа таза болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл тек сыртқы көрініс екенін ұмытпаған жөн. Жылу беру маусымы басталмай тұрып мұның барлығын мұқият тексеру қажет. Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері осыны ескертіп, өрт қауіпсіздігі айлығы мен «Өрттен сақ бол!» акциясы аясында тұрғындарды сақтыққа шақырады.


Пеш пен мұржаның, электр сымдарының мен тұрмыстық техникалардың жағдайы – мұның барлығы үйдегі өрт қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Ақсу қаласының ТЖ бөлімінің мамандары рейдтік тексерулер кезінде тұрғындардың назарын осы мәселеге аударып, суық түскенге дейін не істеу керек екенін түсіндірді. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ерекше назар аударылады.

Жәнібек Төрехан, Ақсу қаласы ТЖ бөлімі бастығының М.А.

«15 тамыздан бастап Ақсу қаласының ТЖ бөлімі қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығы аясында тұрғынүй секторларына арнап өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындарға пештер мен мұржалардың, электр сымдарының жарамдылығын тексеру, мұржаларды уақытылы тазалау және ақаулы электр құралдарын пайдаланбау қажеттілігі ескертілді.» 

Құтқарушылар иіс газымен улану қаупі туралы да ескертеді. Бұл – түссіз, иіссіз әрі дәмсіз улы газ, сондықтан оның бар екенін арнайы құралдарсыз анықтау мүмкін емес. Ал ағзаға түскен жағдайда ол өмірге қауіп төндіруі мүмкін.


Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу