Ұлттық құрылтай Қазақстан дамуының жаңа саяси-рухани бағытын айқындады. Бесінші құрылтайда Мемлекет басшысы қоғамның іргетасы саналатын мәдениет пен адамгершілік құндылықтарға айрықша тоқталды.

Құрылтайдың басты өзегі – ұлттық сана мен рухани жаңғыру. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам дамуы ең алдымен адамгершілік пен ізгілікке негізделуі тиіс екенін атап өтті. Бұл – тарихи сабақтастықты сақтай отырып, жаңа дәуірге бейімделудің айқын көрінісі.

Аслан Әзербаев, Торайғыров университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Құрылтай негізінен этикалық адамгершілік ізгілік фундаментімен негізделген. Себебі Қасым-Жомарт Кемелұлы неден бастады адамгершілік мәселесінен себебі біздің мемлекетіміз қоғамымыз тек ғана адамгершілікке сәйкес ізгілікке сәйкес дамығаны дұрыс менің ойымша. Адам-адамгершілік бір-біріне сәйкеседі ұқсастығын біз көріп жатырмыз.

Сарапшылардың пікірінше, кез келген реформа мен жаңашылдықтың нәтижесі оны жүзеге асыратын адамдарға тікелей байланысты. Сондықтан мәдени саясатта тұлғалық тәрбиеге басымдық берілуі маңызды. Кино мен мәдени өнімдер қазақстандықтардың ұлттық болмысы мен бірегейлігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Аслан Әзербаев, Торайғыров университетінің қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Абу-Насыр әл Фараби, Абай Құнанбаев, Қожа Ахмет Яссауи Қасым Жомарт Кемелұлы өз сөзінде жақсы айтқан. Жалпы айтқанда мәдениетке жақсы көңіл болған. Кино адамдарды тәрбиелейді. Біздің жас өспірім визуалдар. Ақпаратты интернеттен алады. Кино қазақстандықтардың идентичность мәселесіне қатты әсер ететіні бізге анық.

Тарихшының айтуынша, жаһандық өзгерістер дәуірінде Абайдың өсиеттерін өмірлік ұстанымға айналдыру – жас ұрпақ үшін аса маңызды. Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар елдің рухани тұтастығын нығайтуға бағытталған.

Дильназ Қуанышбекқызы