Павлодарда қыз бала орталық жағалаудағы баспалдақтан үрлемелі шанамен сырғанап, бұғанасын сындырып алған. Емін алып, ауруханадан енді шыққан. Осы ретте дәрігерлер тыйым салынған орындарда сырғанамауға шақырады.

Дәрігерлердің сөзінше, травматологиялық пунктке көмек сұрап келгендер саны орташа жылдайғыдай екен. Бірақ соңғы кезде тыйым салынған орындарда, сырғанақтарда жарақат алғандар қатары артқан.

Дәурен Смағұлов, Павлодар қалалық №1 ауруханасының травматолог-дәрігері

2026 жылдың 20 қаңтарына травматологиялық пунктке 50 адам көмек сұрап жүгінді. Оның ішінде 5 адам көктайғақтан жарақат алған, оның біреуі ауруханаға жатқызылды. Ал жыл басынан 1000-ға жуық пациент келді. Олардың бірі 19 жастағы қыз бала орталық жағалаудағы баспалдақтан сырғанаған, бұғанасын сындырды. Бізде жатып, операция жасалып, емделді.

Жарақаттардың басым бөлігі сыну, шығу, соғылулар екен. Осы ретте, мамандар жарақат алған бетте бірден дәрігерлерге, яғни ауруханаға жүгінуге шақырады. Ал, жарақат алып, 3 күн өткеннен кейін тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларға жүгінген жөн дейді.

Самал Қалиқызы