Өңірде аусыл ауруына күдікті сынамалар тексерілді. Аталмыш ауру болуы мүмкін деге хабарлама Ақтоғай, Тереңкөл, Успен аудандарындағы шаруашылықтардан келіп түскен.

Аталған жағдайларға байланысты ветеринария мамандары малдан сынама алып, зертханаға жолдаған. Материал Астана қаласындағы ветеринария саласындағы референттік орталыққа жіберілді.Нәтижесінде теріс қорытынды шықты.

Ғалым Бейсенов, Павлодар облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары

Бүкіл сол жағдайлар бойынша біз ветеран мамандар шығып материал алды зерттеуге. Астана қаласына ветеринария бойынша референттік центрге зерттеуге жіберілді. Бүкіл зерттеу бойынша теріс нәтиже алдық. Асуыл ауруы бойынша теріс нәтиже алынды. Ақтоғай ауданы бойынша нәтиже әлі жұмыста. Бүгінгі күнге біз стамтотит ауруына да жібергенбіз. Ол аурудың басқа аурулармен ұқсастық бойынша. Стамотитте де теріс нәтиже алынды.

Сонымен қатар, белгілері ұқсас келетін басқа да жұқпалы аурулар бойынша қосымша зерттеулер жүргізілген. Атап айтқанда, стоматит және инфекциялық ринотрахеит ауруларына сынамалар алынған. Жануарлардың ауыз қуысында көпіршік пайда болып, ісіну байқалып, малдың азық қабылдауы қиындайды.Алайда мамандардың айтуынша, аусыл ауруының негізгі ерекшелігі — тұяқтарында ісіктің пайда болуы. Қосымша жүргізілген зертханалық талдаулар нәтижесінде стоматит ауруы да расталмаған.Қазір эпизоотиялық жағдай бақылауда. Ветеринариялық қызмет мамандары шаруашылықтарда мониторинг жүргізуде.

Әйгерім Тоқпанқызы