Еліміздің Үкіметі мен Павлодар облысының әкімдігі бірлесіп «Деректер орталықтары алқабын» салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда айтты. Жобаның мақсаты – әлемдік деңгейдегі заманауи IT-инфрақұрылым құру, жетекші технологиялық компанияларды осы аумаққа тарту. Сондай-ақ, әлібетте жоғары жалақы төленетін жаңа жұмыс орындарын ашу.

Пилоттық алаң ретінде Екібастұз қаласы таңдалды. Әкімдік бұл жоба үшін аумағы 200 гектар болатын жер телімін резервке қойды. Орталыққа жол салынып, су тартылады. Қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылады.

Сабина Мейрам, цифрлық технологиялар басқармасының бөлім басшысы

Үкімет “Деректер орталықтары алқабы” деп аталатын ірі жобаны бастады. Жалпы жоба бірнеше деректерді өңдеу орталықтарынан тұратын ауқымды кластерді қамтиды. Оның жалпы қуаты 300 мегаваттқа дейін жетеді. Деректер орталықтары тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін болады, онда отандық та, шетелдік те компаниялар орналасады. Қазіргі таңда Екібастұз қаласындағы МАЭС-2 маңынан жер телімі белгіленді. Қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде».

Бұл бастама әртүрлі стратегиялық мақсаттағы инвесторларлық жобаларға қатысу мүмкіндігін арттырады. Болашақта елімізге есептеу және бұлтты қызметтер бойынша халықаралық хаб қалыптастыруға жол ашады.

Сабина Мейрам, цифрлық технологиялар басқармасының бөлім басшысы

«Қазір жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, техникалық-экономикалық негіздеме қалыптастыру жұмыстары басталды. Жобаны тікелей іске асыру 2027–2028 жылдарға жоспарланып отыр. Барлық инфрақұрылым жүргізіледі, қазір техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде, содан кейін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, деректер орталықтарының құрылысы басталады».

«Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» – әуелі ел экономикасына тиімді. Әрі IT-сектордың мамандары үшін жаңа мүмкіндік. Болашақта Қазақстанды цифрлық технологиялар саласындағы жетекші ойыншылардың біріне айналдыра алатын алғашқы қадам деуге болады.

Жанасыл Серікбол