Ұсынылып отырған өзгерістердің барлығы басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл пікірді облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында жасаған баяндамасына қатысты білдірді.

Мемлекет басшысы ұлттық құрылтайда әлеуметтік-экономикалық даму, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайту керектігін айтты. Сарапшының айтуынша, көтерілген бастамалар шешім қабылдау жүйесін тиімді етіп, оны азаматтардың нақты сұраныстарына бейімдеуге бағытталған.

Евгений Миронов, Павлодар облысы қоғамдық кеңес мүшесі

Президент елімізде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және парламентаризмді нығайту мақсатында саяси реформаларға бастау берді. Ең алдымен, бір палаталы парламент құру мәселесін атап өткен жөн. Бұл тұрғыда Президент Сенат пен Мәжілісті біріктіруді ұсынып, жаңа құрылымға «Құрылтай» атауын беруді ұсынды. Құрылтай құрамына 145 депутат енеді, олардың ішінде 3 спикер болады. 8 комитет құру жоспарлануда, соның ішінде жаңадан жастар ісі және цифрландыру мәселелері жөніндегі комитеттер ашылады.

Маңызды бастамалардың бірі – елімізде вице-президент институтын енгізіп, оны Конституцияда бекіту. Мемлекет басшысы бұл өзгеріс президенттік билікті әлсіретпейтінін, керісінше Президент мемлекеттік басқару жүйесіндегі басты тұлға болып қала беретінін атап өтті.

Евгений Миронов, Павлодар облысы қоғамдық кеңесі мүшесі

– Президент вице-президент лауазымын енгізу қажеттігін де атап өтті. Ол Мемлекет басшысының ұсынуымен және Парламенттің келісімімен тағайындалады. Вице-президент халықаралық мәселелермен айналысып, Парламентте мемлекеттің мүддесін қорғайды. Жалпы алғанда, ұсынылып отырған барлық өзгерістер басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдаймын.

Сарапшы сондай-ақ Президенттің Екібастұз қаласында ірі деректерді өңдеу орталығын салу жөніндегі бастамасына жоғары баға берді. Бұл орталық елдің IT-инфрақұрылымын тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етпек.

Әйгерім Тоқпанқызы