Павлодар облысына түсетін түсімдердің 70 пайызы өңірде орналасқан ірі кәсіпорындардан. 2025 жылы осылайша облыстық бюджетке 426 млрд теңге түсті. Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаменті өткен жылы қалай жұмыс істеді. Тілші сюжетінде.
2025 жылдың қорытындысы бойынша департамент алдында қойылған барлық негізгі міндеттер орындалды, оның ішінде кірістер түсімдерінің өсу қарқыны қамтамасыз етілді, салық берешегі төмендеді, салықтық тексерулер саны қысқарды, мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері толық көлемде көрсетілді.
Ержан Тоқтарханов, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
Егер бізде 849 млрд теңге түсетін болса, 422 республикалық бюджетке, 426 млрд жергілікті бюджеті. 62 млрд теңгеге өсті. Жергілікті бюджет 120 пайыхға өсті. Қазіргі уақытта мемлекеттің негізгі мақсаты құзыреттерін көтеру. Қаржыларын көбірек бөлу. Бұрын егер 50 пайыздан жоғары қазір жергілікті бюджетке түседі.
Бұл түсімдердің көбісі, яғни 70 пайызы жергілікті ірі кәсіпорындардан, ал жеке тұлға мен кәсіпкерлерден 30 пайыз түсім келеді екен. Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін орындау үшін облыстың мемлекеттік кірістер органдары 2025 жылы 26,3 млрд. теңгеге қосымша қорларды іздестіріп, өндіріп алды. Департаментпен 500 мыңнан аса мемлекеттік қызметтер ұсынылған. Олардың 99 пайызы электронды түрде.
Ержан Тоқтарханов, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
Төлем қабілеттілігін қалыпқа келтіру мақсатында Павлодар облысының мемлекеттік кірістер органына 6750 банкторттылық туралы өтінім келіп түсті. Бұл соттан тыс банкроттылық. Олардың 694-і мақұлданды. Қалғаны 5100 өтініш, түрлі себептерге байланысты қайтарылды. Жеке тұлғалар өздері қайтып алды немесе органдармен қайтарылды. Негізгі талаптарын сіздер білесіздер, қарыз сомасы 1600 АЕК, 6 920 000 теңгеден аспау керек. Бұдан бөлек қарыз, 12 ай төленбеуі керек.
Кредиттік бюро бойынша 1,1 млрд. теңге берешек сомасына банкрот деп танылды. Корпоративтік табыс салығын, жер қойнауын пайдаланушыларды, халықаралық салық салуды әкімшілендіру және камералдық бақылау жүргізудің қорытындылары бойынша 12,1 млрд. теңге сомасында қосымша қорлардың түсуі қамтамасыз етілді, салық төлеушілер 2,2 млрд. теңгеге шығындарын азайтты.
Самал Қалиқызы