Өткен құрылтайдан кейін сарапшылар мен қоғам белсенділері жиын барысында көтерілген негізгі бағыттарды талқылауды жалғастырып жатыр. Негізгі назарда – елдің орнықты дамуы, экономикалық тұрақтылық.
Қызылодарда өткен келелі жиында ел экономикасы мен экология ахуалы айтылды. Сарапшылар азаматтардың әл-ауқатына тікелей әсер ететін, сондай-ақ табиғи ресурстарды сақтау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйелі әрі ұзақмерзімді саясат қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Нұркен Күзембаев, Ә. Марғұлан атындағы университеттің қауымдастырылған профессоры
Президент қоршаған орта тақырыбын назардан тыс қалдырған жоқ. Мысалы, Арал теңізін сақтау мәселесі – оған іргелес аумақтарда, соның ішінде Қызылорда облысында тұратын халық үшін аса маңызды. Сонымен қатар су ресурстарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Себебі Қазақстанда халық санының артуына байланысты ауыз суға деген қажеттілік өсіп отыр. Бұл – меніңше, ұлттық сипатқа ие аса маңызды мәселе.
Сарапшылардың пікірінше, экология- тек экономикалық емес, сонымен қатар саяси тұрақтылық. Су ресурстарын ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және орнықты жобаларды іске асыру, – қоғам сенімін нығайтуға және өңірлердің теңгерімді дамуына ықпал етеді.
Нұркен Күзембаев, Ә. Марғұлан атындағы университеттің қауымдастырылған профессоры
Президент жаңа – вице-президент лауазымын енгізу туралы айтты. Бұл қадам мемлекеттің саяси тұрақтылығын күшейтуге бағытталған.
Осылайша, өткен құрылтайда ел дамуының негізгі бағдары айқындалды. Тұрақтылық, экологиялық қауіпсіздік және саяси жаңа бағыт мемлекеттік стратегияның негізгі элементтері ретінде қарастырылып отыр.
Әйгерім Тоқпанқызы