Павлодарда салынып жатқан жаңа көпірдің неден өртенгені әлі анықталып жатыр. Қазір құрылыс аумағында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Екі өрт жағдайына қарамастан көпір уақытылы қолданысқа беріледі деп сендірді, Қазавтожол. Ал, шығын көлемін кім өтейді? Тілші сюжетінде.
Павлодарда салынып жатқан жаңа көпір өңірде жүзеге асып жатқан ірі жобалардың бірі. Бірақ басына қара бұлт төнді ме, басқа ма екі күн қатарынан өртеніп, елдің назарын аударды. Шығын көлемі 71 млдр теңге. Сонымен, құрылысқа жауапты компания жанудың себептерін былай түсіндірді.
Нұрмұхамет Бесембаев, «Қазақдорстрой» ЖШС жоба жетекшісі
31 қаңтар күні кешкі 8 уақытында 4 тіректе дәнекерлеу жұмыстары кезінде дәнекерлеуші өрт қауіпсіздігін сақтамай өрт орын алды. Ол ұшқындарды шашыратпауға мүмкіндік беретін қорғаныс құралын қолданбаған. Нәтижесінде от шықты. 15-20 минутта өшірілді. Қазір тіректерде комиссиямен құрылымдарды тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Кейін ауыстырылады. Ал, 1 ақпанда 5 тіректе бетон құйылған еді, онда бетон қоспасын жылыту мақсатында дизель қондырғыларын қолданылған. Онда да қондырғылар істен шығып, өрт шықты.
Жалпы көпірдің кіреберіс жолдарымен бірге ұзындығы 2,7 шақырымды құрайды. Нысанның өзі 691 метрді құрайды. Қазіргі таңда 6 тірек орнатылды. 29 қаңтар мен 1 ақпан аралығында аумақта бетонды бекіту мақсатында жылыту жұмыстары жүргізілген. Көпірдің құрылысына жоғарыда айтқандай 71 млрд теңге бөлінген. Құрылыс бойынша жоспардан қалу болмайды деді, қазавтожолдықтар.
Ермұрат Нұрханов, «Қазавтожол» ҰК ПОФ директоры
Көпірді толық іске қосу уақыты 2027 жылдың қараша айы. Бұл келісімшартпен бекітілген, оған ескі көпірді бұзу, аумақты абаттандыру мерзімі кіреді. Ал, жаңа көпірдегі монтаж жұмыстары 2026 жылдың қараша айында аяқталуы тиіс. Жағдай 4-5 тіректерде орны алды. Бұл тіректер бойынша жұмыстарды біз шілде айында аяқтау керек едік. Оқиғаға байланысты тамызға шегерілдік. Бірақ бұл құрылысты аяқтау уақытына әсер етпейді. Себебі біз кестеден ерте келе жатырмыз.
Құрылыс аумағында 288 адам, 80 бірлік техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда көпірде комиссия жұмыс істеп жатыр. Сәйкесінше, шығын көлемі, аумақты, өрттің себеп салдары нақтырақ анықталады. Келтірілген шығынды «Қазақдострой» компаниясы өзі өтейтін болады.
Самал Қалиқызы