Баянауыл ауданында ауыл тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыратын мәдени нысандар тұрақты түрде жұмыс істейді. Ауылдық клубтарда түрлі шаралар мен үйірмелер өтеді. Соның бірі Ақсан ауылдық округі құрамындағы Қаражар ауылында орналасқан. Мұнда балалар мен жасөспірімдер шығармашылықпен айналысады. Бұл нысан ауыл өміріндегі маңызды мәдени орындардың бірі саналады.
Баянауыл ауданының аумағында 2 сауықтыру орталығы, 7 мәдениет үйі және 8 ауылдық клуб қызмет көрсетеді. Соңғы үш жыл ішінде 7 мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді. Ғимараттар толық жаңартылып, еденінен бастап шатырына дейін жаңарды. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарына қолайлы әрі сапалы мәдени орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Асқар Мұқанов, Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Жыл бойғы мәдени шаралар бойынша 103 шара жоспар бойынша бекітілді. 8 тараудан тұрады. Яғни, әр тарау бойынша шаралар ұйымдастырылады. Мысалы, мерейтой иелеріне байланысты шаралар, байқаулар мен шығармашылық кештер. Өнерпаздардың шығармашылық кештері. Ақын, жыраушыларға арналған мүшәйралар. Осындай шаралар үнемі өткізіліп тұрады.
Қаражар ауылының 300-ге жуық халыққы бар. Мәдени нысанға 30-ға жуық оқушы келеді. Қазір клубта 9 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда балалар мен жасөспірімдерге арналған бірнеше үйірме ұйымдастырылған. Алдағы уақытта балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында гитара үйірмесін ашу жоспарланды.
Бекболат Ағжанов, Баянауыл ауданы Қаражар ауылдық клубының әдіскері
2009 жылы ашылды бұл мәдениет үйі. Содан бері жұмыс істеп келе жатыр. 2023 жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Әр мереке сайын шаралар өтеді. Үйірмелер де өтеді. Үйрмелерге келетін болсақ, домбыра үйірмесі бар, шашки сосын қолөнер үйірмесі бар, Әзірге 3 үйірме. Мысалы, былтыр 2025 жылы қаңтар айында аудандық байқау болды. Сурет салудан. Барлығы мараптталды.
Қаражар ауылдық клубында домбырамен қатар вокал үйірмесі де жұмыс істейді. Оған 11 оқушы қатысады. Клуб шағын болғанымен, мұндағы қызметкерлер балалардың өнерге деген қызығушылығын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Балалардың бос уақытын пайдалы өткізуі мен шығармашылық қабілетін ашу – клуб қызметкерлерінің басты мақсаты.
Жанар Майкенова, Баянауыл ауданы қаражар ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы
Енді балаларды алдағы уақытта конкурстарға апарамыз деген үміттеміз. Себебі оқушылар өте талантты. Бос уақыттарын тиімді пайдалану деп санаймын біріншіден. Екіншіден, өнерге балапандарды, келешек ұрпақты өнерге баулу. Қазақтың ұлттық домбыра аспабын насихаттау масатында балаларды домбыра үйірмесіне баулып жатқан жайымыз бар. Аптасына екі рет шама келгенше, немесе бір лет келеді. Өйткені балалар сенбі, жексенбі күні ғана бос. Қалған уақытта олардың сабақтары бар, өз жұмыстары, үйірмелері бар. Сенбі, жексенбі күндері тырысамыз өткізуге. Осы екі күнде өткіземіз.
Оқушылар мұнда ұлттық өнермен танысып, өз таланттарын шыңдауға мүмкіндік алады. Үйірмелер балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, сахна мәдениетін қалыптастыруға және өзіне деген сенімділігін арттыруға ықпал етеді.
Мерей Қабиден, 7-сынып оқушысы
Үйімде ағаларыма қарап, ата-анама қарап ойнайтынмын. «Еркемай», «Біз өмірдің гүліміз» деген күйлерді ойнап жүрміз. Ұнайды маған, себебі үйімде көбі домбыра ойнаған соң, мен де оларға қатты қызығамын.
Елдана Қанат, 6-сынып оқушысы
Осында келген маған ұнайды бос уақытымда. Сабақтан кейін келемін, демалыс күндері келемін. Маған қатты ұнайды.
Қаражар ауылдық клубы ауыл өмірінің мәдени орталығы саналады. Мұнда мерекелік шаралар, шығармашылық кездесулер және балаларға арналған үйірмелер тұрақты түрде өтеді. Клуб қызметкерлері ауыл тұрғындарын мәдени шараларға тартуға және жастардың өнерге бейім болуына барынша жағдай жасап келеді.
Сабина Жолдаспаева