4-ақпан дүниежүзлік онкологиялық ауруларға қарсы күрес күні. Облыста жалпы 14 мыңнан астам адам онкологиялық сырқатқа шалдығып, тіркеуде тұр. Бүгінгі медицина бұнымен күресуге қаншалықты қауқарлы? Облыс аумағынан шықпай-ақ, қандай ем-шараларды жасауға мүмкіндік бар? Тілші әңгімесінде.
Онкологиялық аурулардың көш басында сүт безінің қатерлі ісігі тұр. Одан кейін тоқ ішек пен тік ішектің осынау дертке шалдығынуы кең таралған. Өкпе мен асқазан обыры да айтарлықтай алаңдатады. Ал, дәрігерлер бұнымен күресудің ең тиімді жолы ерте анықтаудың амалдарын күшейткендіктерін айтады.
Әсел Асқарова, Павлодар облысы онкологиялық диспансер басшысының орынбасары
Былтыр онкологиялық сырқатты ерте анықтау ісінде айтарлықтай жетістіктер бар. 33 науқас бірінші сатыда анықталды. Сонымен қатар, қатерлі ісіктің себебінен болатын өлім саны да жылдан-жылға азайып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 9 пайыз болды. Бес жылдық өмір сүру көрсеткіші де артты. Сондай-ақ, өткен жылы біздің онкодиспансерде 10 мың адам қаралып, 1600 ота жасалды.
Дәрігерлер соңғы жылдары қатерлі ісікті емдеуді жетілдіру үшін кешенді жұмыс жасалғандығын айтады. Онкологиялық диспансер құрылғылармен жабықталып, скрингтік, диагностикалық шаралар күшейген. Бұның бәрі қатерлі дертті едәуір еңсеруге мүмкіндік береді дейді.
Бүгінгі таңда үшін ашық есік күнін жиі өткізілуде. 4-ақпан күні, дүниежүзілік онкологиялық ауруларға қарсы күрес күніне орай диспансер түске дейін тағы да осындай шараны ұйымдастырады. Тұрғындардың тек жеке куәліктерімен ғана келіп, скрингтен өтуге мүмкіндіктері бар.