Өңірде құрылыс саласында бюджет қаржысын дұрыс пайдаланбаған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты. Ақсу қаласының бұрынғы құрылыс бөлімінің басшысы әлеуметтік қорғалатын азаматтарға арналған пәтерлерді заңсыз сатып алғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеу барысында, қызметкер заң талаптарын бұзып, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсағаны анықталды. Нәтижесінде әлеуметтік қорғалатын азаматтарға берілген пәтерлер пайдалануға берілмеген. Бұрынғы бөлім басшысының алдындағы қызметкері мен мердігер компанияға қатысты тергеу жалғасуда. Тексеру кезінде 451 миллион теңге іс жүзінде орындалмаған құрылыс жұмыстарына төленгені анықталды. Жалпы, айта кету керек, 2025 жылы прокуратура жүргізген бақылау жұмысы нәтижесінде мемлекет мүддесі қорғалды. Заңсыз мемлекеттік сатып алудың 32 миллиарды тоқтатылды. Бюджеттен орынсыз 24,1 миллиард теңге шығынның алдын алу жүзеге асты. 3 миллиард теңге залал өтеу арқылы өндірілді. 6,5 миллиард теңгеге мүлік қайтарылды. Сондай-ақ 1 миллиард теңгеге айыппұл салынды. Жалпы 160 адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Олардың 11-іне айып тағылып, сот үкімі шықты. Қазіргі кезде экономикалық мүдделерді қорғау бойынша бақылау жалғасады.
Сабина Жолдаспаева