Өңірде дәрігер тапшылығы әлі де өзекті. Қазір 80 маман қажет. Бұл мәселе облыс әкімінің қатысуымен өткен жиын барысында айтылды.
Аймақтағы кадр тапшылығы кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. Әсіресе облыс орталығы мен Ақсу мен Екібастұз қалаларында, сондай-ақ ауылдық елді мекендерге маман тартуға басымдық беріліп отыр.
Ермек Кучуков, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы 80 бірлікті құрайды. 2025 жылы дәрігерлер тапшылығы 10 пайызға, ал орта буын мамандар бойынша 16 пайызға азайды. Былтыр медициналық ұйымдарға 556 дәрігер қабылданды. Оның 143-і — 2025 жылғы түлектер. Павлодарға 161, Екібастұзға 26, Ақсуға 27, ауылдық жерлерге 42 дәрігер жіберілді. Қазіргі таңда 100 адам облыстық грант есебінен білім алып жатыр, олардың 34-і — интернатурада оқитын тәжірибелік дәрігерлер.
Биыл өңірге тағы 85 дәрігер жұмысқа орналасады деп жоспарланған. Олар 11 кардиолог, 8 рентгенолог, 6 реабилитолог және 34 жалпы практика дәрігері. Мамандарды қолдау бар. Жергілікті бюджеттен 93 медицина қызметкеріне жалпы сомасы 495 миллион 500 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Бұл шара өңірге білікті кадрларды тарту және тұрақтандыруға бағытталған. Биыл облыста 5 медициналық нысанның құрылысы жоспарланып отыр. Сонымен қатар Жиын барысында қысқы және бұқаралық спортты дамыту мәселесі де қозғалды.
Өңірде бұқаралық спорт қалай дамып келеді?
Азамат Имашев, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
2026 жылы Павлодар өңірінде биатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Сонымен қатар биыл 6 облыстық және 11 республикалық жарыс ұйымдастырылады. Барлық қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.
Биыл Павлодар қаласында жаңа мұз сарайын, Екібастұзда мұз аренасын салу жоспарланған. Жиын соңында облыс әкімі сала басшыларына денсаулық сақтауда негізгі көрсеткіштерді төмендетпей, бұқаралық спортты одан әрі дамытуда нақты тапсырмалар жүктеді.